• eng
  • қаз
  • рус

1 маусымда Алматыда СПА, қоғамдық моншалар және сауналар жұмысын қайта бастайды

Алматыда шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде 1 маусымда СПА-салондары, қоғамдық моншалар және сауналар жұмысын қайта бастайды.

Нысандардың қызметіне барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

Жұмысты бастар алдында ұйымдар Алматы қаласы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс, ол талаптар: нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т. б.

Бұдан әрі нысандар infokazakhstan.kz сайтында тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

Әрі қарай олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады.

Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штаттық режімде қалып отыр.

Жалпы алғанда, жұмысқа 3 мың адам санымен 400-ден астам нысан оралады деп күтілуде.

Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай 1 маусымнан бастап шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктікке жатпайтын базарлардан алынатын болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.