• eng
  • қаз
  • рус

1 маусымда Алматының теміржол вокзалдары жұмысын бастады

2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты қалааралық жол қатынасы жанданды, соның ішінде пойыздар жүретін болады. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмысын бастады.

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы жағдайында «Алматыэлектротранс» ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтайды.

- Коронавирус пандемиясы барысында теміржол вокзалдары қалай жұмыс істейтін болады?

- Көліктегі санитарлық нормалардың барлығы сақталады. Вокзалға кіреберісте тепловизордың көмегімен жолаушылардың температурасы өлшенеді. Вокзалға толықтай санитайзерлер орнатылған, қызметкерлер маскамен және қолғаппен жұмыс істейді, кесте бойынша дезинфекциялық заттармен нысан іші мұқият өңделеді. Вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер мен қоршаулар қойылған.

- Жолаушыларды шығарып салушылардың ішке кіруіне бол ма?

- Жоқ, болмайды. Қауіпсіздік ережелері бойынша вокзал ішіне тек қолындағы билетімен жолаушылар ғана кіре алады, шығарып салушылар ішке жіберілмейді.

- Теміржол кассалары қалай жұмыс істейді?

- Билет сататын кассалар кесте бойынша таңғы сағат 9.00 ден 24.00-ге дейін жұмыс жасайды. Билет алуға ниет білдірген жандар үшін кіретін жеке есік қарастырылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін болашақ жолаушылар төрт адамнан жіберіледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.