• eng
  • қаз
  • рус

Адам өлімі

Жақын адамыңызды жоғалтуыңызға байланысты қайғыңызға ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамыз.

Сіз жақын туысыңызды жоғалтқан жағдайда келесі құқықтарды иемденетініңізді білуіңіз керек.

1

Адамның өлімін тіркеу

Адамның өлімін тіркеуді келесі жолмен жүргізуге болады:

1. Тіркелген жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК (ХҚКО).

Ол үшін сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  1. өлімді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. медициналық ұйым берген өлім туралы белгіленген нысандағы құжат, я болмаса өлім дерегін белгілеу туралы немесе тұлғаны өлген деп жариялау туралы соттвғ заңды күшіне енген шешімі;
  3. өлген адамның жеке куәлігі;
  4. қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат;
  5. өлім туралы актілік жазбаның тіркеуі жоқтығы жайлы өлген адамның тұрғылықты жері мен өлген орны бойынша тіркеуші органның анықтамасы (2008 жылдан кейін Қазақстан Республикасының аумағында өлген тұлғалардан басқа).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Мемлекеттік органдарға қосымша сауал жасау қажеттілігі болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылады.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: өлім туралы анықтама немесе куәлік алу.

2. Алматы қ. АХАТ бөлімінде.

Ол үшін сізге келесілерді ұсыну қажет:

  1. өлімді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. медициналық ұйым берген өлім туралы белгіленген нысандағы құжат, я болмаса заңды күшіне енген өлім дерегін белгілеу туралы немесе тұлғаны өлген деп жариялау туралы сот шешімі;
  3. өлген адамның жеке куәлігі;
  4. қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат;
  5. өлім туралы актілік жазбаның тіркеуі жоқтығы жайлы өлген адамның тұрғылықты жері мен өлген орны бойынша тіркеуші органның анықтамасы (2008 жылдан кейін Қазақстан Республикасының аумағында өлген тұлғалардан басқа).

Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Мемлекеттік органдарға қосымша сауал жасау қажеттілігі болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылады.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: өлім туралы анықтама немесе куәлік алу.

2

Жерлеуге арналған біржоолғы төлем

Зейнеткер өлген жағдайда немесе зейнеттік жасқа толмаған, бірақ БЖЗҚ-да зейнетақы қорланымы бар тұлға өлген жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға БЖЗҚ жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Төлемнің көлемі: 52,4 АЕК шегінде. 2017 жылы АЕК көлемі - 2269 теңгені құрайды. Тиісінше, жерлеуге арналғна жәрдемнің максималды көлемі 118 895,6 теңге болуы мүмкін.

3

Жерлеуге арналған жәрдемді алу үшін қайда жүгіну керек?

Тіркелген жері бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК аймақтық бөліміне (ХҚКО) келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. жерлеуді жүзеге асырған тұлғалардың жеке куәлігі немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, я болмаса жеке кәсіпкердің патенті;
  2. басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған өлім туралы куәлік немесе өлім дерегін растайтын құжат;
  3. банк шотының нөмірі туралы құжат. Банк шотын қалай ашуға болатынын мұнда білуге болады.

Қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні. Мемлекеттік баж алынбайды.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама.

4

Өлімді тіркеу куәлігінің жоғалу жағдайында

Сіз қайтадан шығарылған куәлікті немесе өлім тіркеуі туралы анықтаманы ала аласыз:

1. Еgov.kz порталы арқылы.

Бұл үшін қажетті шарттар:

  1. электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) алу;
  2. авторизация жасау және өтініш беру;
  3. банк картасы арқылы мемлекеттік баж төлеу. Төлем алдында қызмет көрсететін банкқа хабарласып, картаңыз арқылы интернет төлемдер жасау мүмкіндігі туралы сұрауға және қажет жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.

Қызметтің көрсетілу мерзімі: 1 жұмыс күні.

Қызмет көрсетілімінің аралық нәтижесі: сұратымның қабылдануы және мемлекеттік қызмет беру нәтижесінің алыну тәртібі туралы ақпарат көрсетіледі.

Қызмет көрсетілімінің түпкі нәтижесі: қызмет көрсететін уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды өтініштің қабылдануы туралы электрондық құжат түріндегі хабарландыру, немесе электронды құжат түріндегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептемелі жауап.

Электронды түрде өтінім беру үшін egov.kz сайтына кіріңіз.

Білу қажет!

Қайтадан шығарылған куәлікті немесе азаматтық хал актісінің тіркеуі туралы анықтаманы шетелден сұратып алу жағдайында қызмет көрсетушіге жүгіну қажет.

Мемлекеттік баж сомасы келесі көлемдерде алынады:

  1. азаматтық хал актісінің тіркеу куәлігінің қайта берілуі үшін - 1 АЕК;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актісінің тіркеу туралы анықтамасының берілуі үшін - 0,3 АЕК;
  3. ТМД елдерінен азаматтық хал актісінің тіркеу куәліктерін сұратып алу үшін - 0,5 АЕК;
  4. ТМД елдерінен басқа шетел мемлекеттерден азаматтық хал актісінің тіркеу куәліктерін сұратып алу үшін - 1 АЕК.

2. Тіркеу орнына сәйкес Алматы қ. АХАТ бөлімінде.

Бұл үшін келесі құжаттардың берілуі қажет:

  1. өлімді тіркеу куәлігінің қайта берілуі жөніндегі өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. мемлекеттік баждың бюджетке төленуін дәлелдейтін құжат немесе, ЭҮТШ (электронды үкіметтің төлем шлюзі) арқылы төлемден басқа, салық жеңілдіктерінің берілуі үшін негіздеме болып табылатын құжаттың көшірмесі;
  4. қызмет алушы өкілінің жүгіну жағдайында - нотариалды куәландырылған сенімхат.

Өлімді тіркеу куәлігінің (анықтамасының) қайта берілуі жағдайында қайтыс болған адаммен туыстықты дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі қоса тіркеледі. Өлімді тіркеу куәлігі марқұмның туыстарына немесе мұрагерлер тізіміне кіретін адамдарға қайта беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері:

  1. мемлекеттік қызмет алу үшін берілген құжаттардың және (немесе) олардың ішінде келтірілген мәліметтердің дерексіздігінің анықталуы;
  2. қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті берілген ақпараттың, материалдардардың, мәліметтердің Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің талаптарына, Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» және «сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңдарына, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (номативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 10764 тіркелді) сәйкес келмеуі;
  3. өкілетті мемлекет органының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісім жөніндегі сұратымға берілген теріс жауабы, одан басқа - сараптаманың, зерттеудің, немесе тексерудің теріс тұжырымы.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.