• eng
  • қаз
  • рус

Алғаш рет бірінші сыныпқа

Сізді және cіздің балаңызды мектеп қабырғасынадағы өмірдің басталуы секілді айтулы оқиғамен құттықтаймыз! Мектеп ең жарқын және қызықты шақтардың бірі. Ол cіздің балаңыз үшін жеңіл әрі жемісті болсын!

Алматы қаласының орта оқу орындары – мектептер, гимназиялар, лицейлер – кезекті оқу жылының 1 қыркүйегінде алты (жеті) жасқа толған, аумақтарында тұратын барлық балалардың дайындық деңгейіне қарамастан бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Оқу орны елді мекендегі өзіне бекітілген аумақтың шеңберінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дербес есебін жүргізеді.

Бастапқы білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылданып жатқан балалардың ата-аналарынан немесе басқа заңды өкілдерінен (қамқоршы, патронажды тәрбиелеуші) өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 30 тамызына дейін жүргізіледі.

1

Жалпы білім беру мекемесіне bilimalmaty.kz порталы арқылы орналасу

Жалпы білім беру мекемесіне орналасуға bilimalmaty.kz порталы арқылы орналасу үшін сізге авторлану және өтініш беру керек. Өтінішке құжаттардың скан-көшірмесін тіркеңіз:

  1. баланың туу туралы куәлігі 
  2. сандық фотосурет (jpg, jpeg, 2 мегабайттан көп емес);
  3. баланың мекенжай анықтамасы;
  4. өтініш берушінің мекенжай анықтамасы.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарландыру хаты.

Ескерту: қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін (егер бала 2008 жылдан кейін туылса) «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.

2

Жалпы білім беру мекемесіне қабылдау

Жалпы білім беру мекемесіне қабылдауға келесі құжаттар қажет:

  1. заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда);
  2. баланың 3х4 см өлшемді 2 фотосуреті;
  3. баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа мен көшірмесі);
  4. бала денсаулығының медициналық төлқұжаты немесе 086/е нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (тіркелген орны бойынша емханадан);
  5. психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы (бар болса).

Қосымша ұсынуды қажет етеді:

  1. егер сіз шетелдік болсаңыз - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға мүмкіндік беретін ықтияр хаты (шетелдіктерге);
  2. егер сіз азаматтығы жоқ тұлға болсаңыз - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  3. егер сіз босқын болсаңыз - босқынның куәлігі;
  4. егер сіз пана іздеп жүрсеңіз - пана іздеп жүрген тұлғаның куәлігі;
  5. егер сізде «оралман» мәртебесі болса – оралманның куәлігі.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және оқу жылының басында бастапқы, орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.

3

Сіздің білуіңіз қажет!

  1. Бастапқы білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдаған кезде тестілеу, сынақ, конкурс өткізілмейді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көрсетілмеген құжаттарды, анықтамаларды (жұмыс орны туралы, еңбекақы мөлшері туралы және т.б.), хаттарды сұратуға жол берілмейді.
  3. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
  4. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың тегін түскі ас ішуі алу болады.
  5. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде тегін демалу құқығы бар.
  6. Сыныптарды оқушылардың дайындық деңгейі мен даму дәрежесіне қарай іріктеуге жол берілмейді. Бір сыныпта 25 оқушыдан артық оқымауы тиіс.
  7. Егер де сіздің балаңыздың уақытша немесе тұрақты тіркелу орны тиісті мектептің аймағына кірмесе, онда мектеп әкімшілігі балаңызды мектепке бос орындар бар болған жағдайда ала алады.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.