• eng
  • қаз
  • рус

Алматы қаласы бойынша саяжайға бару және аулаға шығу шарттары

Саяжайға баратын азаматтар мынаны ескеру қажет:

–       өзімен бірге саяжай (жер) учаскесіне құқықтардың болуын растайтын құжаттар, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар, оның ішінде ілесіп жүрген адамдарға да қатысты куәлік (ілесіп жүретін адам екіден артық болмау керек);

–       саяжайға шығатын кезде медициналық бетперде кию керек немесе респираторлар болуы қажет, қолды өңдеуге арналған антисептиктерді өзімен бірге алып жүру;

–       қажет болмаса өз саяжай учаскесінен тыс жерге шықпау;

–       көршілер мен қонақтарды өздерінің саяжай учаскелеріне жібермеу;

–       бір отбасынан басқа 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол бермеу;

–       құрғақ шөп пен қоқысты жағуға жол бермеу, от жағуға болмайды.

Ескерту: 65 жастан асқан адамдарға саяжайға шықпай, үйде болуға кеңес беріледі.

Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларымен аула алаңдарына шыққан кезде төмендегі ережелерді мұқият сақтауы тиіс:

– сақтық шараларын қатаң сақтау және жеке қорғану құралдарын киіп жүру (медициналық бетперде немесе респиратор, өзімен бірге қолды таза ұстау үшін антисептиктер болу керек);

– үй аулаларында тек тұрғылықты және уақытша тіркелген жері бойынша серуендеу;

– кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қадағалауымен жіберу;

– адамдар арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес мөлшерде сақтау;

– бір отбасы адамдарынан басқа үш адамнан артық топталып жиналмау;

– аула алаңдары дезинфекцияланған соң бір сағат шығуға болмайды;

– кәмелетке толмаған балаларды аула алаңдарына сағат 21.00-ден кейін жіберуге тыйым салынады.

 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.