• eng
  • қаз
  • рус

Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы тегін кәсіби курстарға қабылдайды

Алматыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіби курстарға қабылдау басталды.

Қаланың жұмыссыз тұрғындары біліктілігін арттырып, жаңа мамандық ала алады немесе 25 мамандық бойынша қайта даярлаудан өтеді, оның ішінде тігінші, автослесарь, байланыс операторы сияқты сұранысқа ие т.б. мамандықтар бар.

Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты бір айдан алты айға дейін жалғасады, ай сайын 20 949 теңге мөлшерінде стипендия төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Алматы қаласында тұрақты тіркелген немесе тұрғылықты жері бойынша алты айдан астам мерзімге уақытша тіркелген жұмыссыздар курсқа жазылып, оқудан өте алады.

Курсқа жазылу үшін Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. Мекенжайы: Назарбаев даңғ., 50.

Анықтама телефоны: +7 (727) 224-20-00, 221-66-11, 390 88 06, 390 79 38.

  • e-mail: centr_almaty@mail.ru
  • Telegram: @enbek_almaty_bot
  • Instagram: @centr_zanyatosti_almaty
  • Facebook: @cznalmaty
  • В Контакте: @centr_zaniyatosti_almaty
  • Twitter: @CZN_ALMATY
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.