• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласының мәдениет нысандары штаттық режимде жұмыс істейді

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.

«Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар мұражайы, Д. А. Қонаев мұражайы, Н. Тілендиев атындағы мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі музыка мультимедиялық мұражай кешені) күнделікті 10:00–ден 19:00–ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында Азия және Еуропа музыкалық аспаптарының жаңа залдары ашылды.

Карантин кезінде Алматы хайуанаттар бағында керік, зебра, Пржевальский жылқысының құлыны, бұғы, ақбөкен, түйе, жапон тырнасы, эму түйеқұсы және тағы басқалар дүниеге келді. Әр түрлі құстар мен жануарлардың жүзден астам баласы бар. Барлық төлдеген жануарлар төлдерімен бірге экспозицияда.

Хайуанаттар бағы күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмысын қайта бастады. Кассалар бір сағат ерте жабылады.

Қалалық кітапханалар да әдеттегідей 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей бастады. Сондай-ақ кітаптарды үйге 15 күн алуға болады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі онлайн режимінде көптеген басқа іс-шараларды өткізеді. Атап айтқанда қазан айында балалар жазушысы С. Бегалиннің 125 жылдығына арналған онлайн режимінде Халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

Мәдени нысандарға кіретін кезде қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларын тағу қажет.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.