• eng
  • қаз
  • рус

Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларының жобасы

Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес,                   VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

         1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары бекітілсін.

         2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихаты XХІХ сессиясының 

төрағасы                                                                                                  В. Ли

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының  хатшысы                                                        Қ. Қазанбаев

2

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының 2018 жылғы «__» __________

№ _____  шешіміне келісу парағы

 

 

Келісілді:

Алматы қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      С. Мәкежанов

 

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                                              М. Сембеков

 

Алматы қаласы әкімі аппараты

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің

басшысы                                                                                            Ж. Мұхамеджанов

 

Алматы қаласы Табиғи ресурстар

және табиғатты пайдалануды реттеу

басқармасының басшысы                                                                  Ә. Масабаев

 

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының 2018 жылғы

«___»________ № _____шешіміне

2 қосымша

 

 

Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

            1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы  2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 781 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);

         2. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының  2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 220 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 819 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 тамызда «Вечерний Алматы» және 2009  жылғы  22 тамызда  «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған);

         3. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІ сессиясының           2010 жылғы 12 сәуірдегі «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты                   ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №316 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 848 болып тіркелген).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес,                   VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

         1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары бекітілсін.

         2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгізіледі.

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихаты XХІХ сессиясының 

төрағасы                                                                                                  В. Ли

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының  хатшысы                                                        Қ. Қазанбаев

2

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының 2018 жылғы «__» __________

№ _____  шешіміне келісу парағы

 

 

Келісілді:

Алматы қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      С. Мәкежанов

 

Алматы қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                                              М. Сембеков

 

Алматы қаласы әкімі аппараты

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің

басшысы                                                                                            Ж. Мұхамеджанов

 

Алматы қаласы Табиғи ресурстар

және табиғатты пайдалануды реттеу

басқармасының басшысы                                                                  Ә. Масабаев

 

 

 

VІ сайланған Алматы қаласы

мәслихатының 2018 жылғы

«___»________ № _____шешіміне

2 қосымша

 

 

Алматы қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

            1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы  2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 781 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);

         2. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының  2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 220 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 819 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 тамызда «Вечерний Алматы» және 2009  жылғы  22 тамызда  «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған);

         3. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІ сессиясының           2010 жылғы 12 сәуірдегі «ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты                   ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 119 «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №316 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 848 болып тіркелген).

 

 

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының

2018 жылғы «__» ______ № __ шешіміне

1 Қосымша

 

Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және

қорғаудың қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2003 жылғы                      20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2007 жылғы         9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы     1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы     № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде әзірленді.

Қағидалар бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелеріне және мемлекеттік орман қоры учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.

2. Қағидалар Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді. Қағидалар меншік түріне қарамастан, Алматы қаласының аумағында орналасқан жер, ғимараттар мен құрылыстар, қосалқы үй жайлар, тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй жайлардың және басқа да объектілердің иелері немесе оларды пайдаланушы болып табылатын, бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелеріне және мемлекеттік орман қоры учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды есептемегенде, барлық заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып есептеледі.

3. Алматы қаласының аумағындағы жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган – табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы және жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелері функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

2) жасыл екпелер тізілімі – Алматы қаласының аумағындағы жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;

3) бөлініп берілген аумақ - Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құқықтарда оларға тиесілі объектілерді орналастыру үшін уәкілетті органдардың шешеміне сәйкес жерді пайдаланушыға (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдарға заңды тұлғаларға және т.б.) иелікке, пайдалануға немесе меншікке берілген жер учаскесі;

4) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.

5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;

6) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;

7) Алматы қаласының жасыл қоры - Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы жалпы, шектеулі және арнайы пайдалану аумақтарынан және көгалдандырылған көшелерден тұратын жасыл екпелер аумақтарының жиынтығы;

8) жасыл екпелер – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына  сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;

9) көгалдандыру - Алматы қаласында, өндірістік және басқа да объектілерде жасыл екпелерді құру, сақтау және көлемін ұлғайту бойынша     іс-шаралар жүйесі;

10) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

11) тротуар (жаяу жүргіншілер жолы) – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

12) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

13) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;

14) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;

15) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің    50 (елу) % – дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс.

16) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

17) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын санау) – қөгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс–шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;

18) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу.

19) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;

20) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;

21) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;

22) жасыл екпелерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;

23) ағаштарды кесу - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы Заң) 2–қосымшасының 159–тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыс;

24) жасыл екпелерді мәжбүрлі кесу - қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру және және Алматы қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында жасыл екпелерді кесу;

25) заңсыз жасыл екпелерді кесу - уәкілетті органның рұқсатынсыз жасыл екпелерді кесу;

26) газон (көкжелек) - шөп жабындысы бар жер учаскесі; саябақтық құрылыстар мен егулер жүргізу үшін негізгі фон болатын және дербес ландшафтық композияция элементі болып табылатын, арнайы таңдалып алынған шөптердің тұқымын егу жолымен жасалатын шөптен тұратын жабынды;

27) ұйым (мамандандырылған ұйым) - жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген заңды тұлға;

28) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге, санитариялық кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;

29) өтемдiк отырғызу – табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;

30) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;

31) іріктемелік санитарлық кесу – құрғаған, өлген, желден құлайтын, қардан құлайтын, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де таз ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу;

32) санитариялық-қорғаныс аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ, елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдарын және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін кеміту мақсатында жақын арадағы селитебті аумақтардан, ғимараттардан және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан бөлетін аумақ;

33) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

34) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;

35) күтіп-баптау - өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);

36) объекті (екпе) жағдайының (тіршілік қабілетінің) коэффициенті (бұдан әрі - ОЖК) – кесуге ұсынылған объектінің тіршілік қабілетін ескеретін, жасыл екпелердің сапалық жәй-күйі, оның одан әрі өмір сүруінің  әлеуетті қабілеті.

Сау екпе (ОЖК-1) - жақсы дамыған және бүлінбеген (ұшарбасы жақсы жапырақ берген және жоғары деңгейде сәндік, өркендері қарқынды дамыған және зиянкестері мен ауруы жоқ). Жасына қарай сипаттамасы - негізінен жас және орта жастағы екпелер.

Әлсіреген (ОЖК-2) - едәуір бүлінген немесе ұшарбасы біржақты ғана дамыған ағаштар және бұташалар, сәндік деңгейі орташа, 10 %-ға дейін қураған бұтақтары, әлсіз (жапырақ саны аздау), 25 %-ға зиянкестер мен ауруға шалдыққан. Негізінен жетіліп келе жатқан екпелерге тән.

Бүлінген (ОЖК-3) - көбінесе төбе жағы қураған ағаштар, дамуында едәуір кемшілігі бар және механикалық бүлінген (қуыстанған, қураған бұталары 50 %-ға дейін), сәл жалаңаштанған, сәндік емес, 50 %-ға дейін зиянкестер мен ауруға шалдыққан. Жетілген ағаштарда жиі кездеседі.

Кеуіп бара жатқан (ОЖК-4) - өліп бара жатқан, зиянкестер мен ауруға шалдыққан (50 % астамы), төбе жағы қураған ағаштар. Негізінен жетілген және уақыты өткен екпелер.

Қураған екпе (ОЖК-5) – толық қурап кеткен (өлген) ағаш немесе бірінші кезекте кесуге жататын бұташа.

 

2. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
1-параграф. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау шаралары

 

5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында,  азаматтардың саяжай учаскелерінде және коммуналдық қызметтерга қарасты зират учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер қорғалуы тиіс Алматы қаласының бiрыңғай жасыл қорын құрайды.

6. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту бас жоспарға сәйкес жүргізіледі.

7. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлерi бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Жеке және заңды тұлғалар, меншік иелері немесе пайдаланушылар осы Қағидаларға сәйкес жасыл екпелерді сақтау бойынша шаралар қабылдауы тиіс, жасыл екпелердің бүлінуіне немесе жойылуына алып келетін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі керек.

9. Меншік түріне қарамастан жеке және заңды тұлғалардың жобалық, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларда белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады.

10. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:

1) жасыл екпелерді отырғызу;

2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;

3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;

4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару;

5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;

6) тыңайтқыштар салу;

7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.

11. Көгалдандырылған аумақтардың иелері және жалға алушылар мыналарды жасауға міндетті:

1) жасыл екпелердің сақталуын және білікті күтіп бапталуын қамтамасыз ету;

2) барлық агротехникалық кешенді жүргізу, соның ішінде газондарды (көгалдарды), ағаштар мен бұташаларды суару, арам шөптер, ауру және зиянкестермен күресі, жасыл екпелерді санитарлық қырқу, кесу, жасарту, маңындағы және өзіне берілген аумағындағы көгалдарды шабу;

3) өз қаражаты есебінен маңындағы және өзіне берілген аумағын көгалдандыру және жасыл екпелерді ағымдағы күтіп баптау жұмыстарын жүргізу;

4) жасыл екпелерді кесу, қайта отырғызу, санитарлық кесу, жасарту, діңін көтеруді осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте ресімдеу;

5) ағаштардың бүлінуіне жол бермес үшін ағаштарға заттарды (әткеншек, кір ілетін жіптер, жарнама қалқандары, электр сымдары және т.б.) ілуге, асып қоюға жол бермеу;

6) жасыл екпелерге қарды лақтыру кезінде роторлы, қар тазалағыш машиналарды пайдаланбау, көшелер мен алаңдардан қарды тазалау үшін роторлы машиналарды қолданғанда машинада жасыл екпелерге қарды        (қар массасын) түсірмейтін, арнайы құрылғысы болған жағдайларды есептемегенде;

12. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу, арнайы технологиялар сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.

13. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.

14. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген кезде сол учаскеде сақталуы тиіс барлық жасыл екпелерді, қолданыстағы құрылыс нормалары және ережелерімен белгіленген қорғаныс аймағының қашықтығын сақтай отырып, жасыл екпелердің сақталу тиімділігін қамтамасыз ететін, арнайы қорғаныс қоршаулармен механикалық және басқа да бүлінуден сақтау.

15. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштар кесіледі (басқа жерге отырғызылады).

16. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіру шараларын           2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

17. Жасыл екпелердің барлық түрі есепке алынады.

18. Алматы қаласындағы жасыл екпелерді есепке алу осы Қағидалардың №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман- патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

19. Уәкілетті орган жасыл екпелер тізілімін және оларды есепке алуды жүргізеді.

20. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат ресімделген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары болып табылады.

21. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар (мамандандырылған ұйымдар) жүзеге асырады.

22. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына жібереді.

23. Жасыл екпелерді түгендеу нәтижесінде алынған мәліметтердің негізінде Алматы қаласының жасыл екпелер тізілімі жүргізіледі.

24. Алматы қаласының жасыл екпелер тізілімі мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

1) Алматы қаласындағы жасыл екпелердің саны және күйі туралы шынайы кешенді мәліметтер алу;

2) Алматы қаласындағы жасыл екпелердің саны және күйіне мониторинг жүргізу;

3) Алматы қаласындағы көгалдандырылған аумақтарды қорғау, сақтау және дамыту саласындағы қалалық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау;

4) жасыл екпелерді қорғау, сақтау және дамытуда тиімді әдістерді әзірлеу;

5) тұрғындарды, басқару және билік өкілдерін Алматы қаласындағы жасыл екпелердің саны және күйі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

25. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар кіреді:

1) Алматы қаласының жасыл екпелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

2) жасыл екпелердің орман-патологиялық зерттеуін ұйымдастыру;

3) жасыл екпелері бар жер учаскелерін пайдалануға рұқсат (рұқсат беруден бас тартуды) туралы шешімдерді келісу;

4) жасыл екпелерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға, бөрікбастарын қалыптастыруға (жасарту), санитарлық қырқуға және ағаштық діңін көтеруге рұқсаттар беру;

5) кепілді өтемдік отырғызу және жасыл екпеледі күту жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды ұйымдастыру.

26. Амалсыз кесуге жататын және 10-нан астам ағашы бар учаскелер егінде түрлік құрамын, сандық және сапалық күйін, жасын (диаметрін) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне тексеру жүргізу қажет, оны тапсырысшы осы жұмыс түрлерін жүргізуге құқығы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім бойынша жүргізеді.

27. Жасыл екпелерді есепке алу және басқа да зерттеулер жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман - патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

28. Әкімшілік бірлік шекарасындағы (аудандар) жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл екпелерді күту мен қорғауды Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады, мына жағдайларды қоспағанда:

1) шектеулі және арнайы пайдалану аумақтарында меншік иелеріне немесе меншік иесі өкілеттеген адамға;

2) тұрғын ықшам аудандарында, тұрғын үйлердің алдындағы көшелерде құрылыстан жаяусоқпаққа дейін – ішкі аула аумағы шегінде тұрғын үй қорының иелеріне;

3) өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарында, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақтарда және санитарлық-қорғау аймақтарында - иелеріне немесе осы нысандарды пайдаланушыларға тапсырысшыға;

4) құрылыс жүргізуге бөлінген аумақтарда – тапсырыс берушіге жүктеледі.

 

2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитариялық кесу

 

29. Жасыл екпелерді кесу, санитариялық кесу, ұшарбасын қалыптастыру, жасарту (қырқу), діңін көтеру және қайта отырғызу мынадай жағдайларда:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;

3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

4) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер тұғызатын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ескі екпелерді санитариялық кесу;

5) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі жағдайларында жүзеге асырылады.

30. Жасыл екпелерді кесу, соның ішінде санитариялық кесу, ұшарбасын қалыптастыру, жасарту (қырқу), діңін көтеру осы Қағидалардың                      № 2 қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда, осы Қағидалармен көзделген № 3 қосымшаға сәйкес объектіні зерттеп-тексерудің алғашқы актісі және ұсынылған құжаттардың негізінде берген рұқсаты бойынша жол беріледі.  

31. Осы Қағидаларға сәйкес жасыл екпелерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру, санитарлық қырқу, жасарту (қырқу), діңін көтеруге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тізбесі тапсырылуға тиіс:

1) Жаңадан салынып жатқан немесе жаңартылып жатқан объектілер, ғимараттар, құрылыстар және инженерлік желілер  үшін:

а) уәкілетті орган басшысының атына жазылған, өтініш білдіруші мекеме  басшысының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл екпелерді санитарлық кесуге, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру, санитарлық қырқу, жасарту (қырқу), діңін көтеруге сұратылған жасыл екпенің орны көрсетілген өтініш;

б) объекті құрылысына (қайта жаңғыртуға), оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесі;

в) жер учаскесіне құқық беретін құжаттардың көшірмесі;

г) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы немесе объектілер құрылысының (қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық құрылымдау, жаңғырту және күрделі жөндеу)жобасына кешенді ведомствадан тыс сараптаманың қорытындысы;

д) кесу кезінде - өтемдік ағаш егудің жоспары, жасыл екпелерді өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат, жұмысты аяқтау мерзімін, егілген, қайта отырғызылған жасыл екпелерді екі жыл бойы күтіп баптау жұмыстарын жүргізудің шарттарын көрсете отырып, аталған жұмыстарды атқаратын мамандандырылған арнайы ұйыммен жасалған өтемдік ағаш отырғызудың шарты;

е) қайта отырғызу кезінде - өтініш беруші бекіткен жасыл екпенің сипаттамасы көрсетілген ағаш егудің жоспары немесе сызбасы, жасыл екпелерді қайта отырғызу жөніндегі кепілдік хат, жұмысты аяқтау мерзімін, егілген, қайта отырғызылған жасыл екпелерді екі жыл бойы күтіп баптау жұмыстарын жүргізудің шарттарын көрсете отырып, аталған жұмыстарды атқаратын мамандандырылған арнайы ұйыммен жасалған өтемдік ағаш отырғызудың шарты;

ж) егер құрылыс жүргізілетін учаскеде 10-нан артық ағаш өссе және екпелер мәжбүрлі кесілетін болса жасыл екпелерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізу қажет.

2) аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ бұрыннан тұрған объектілердегі жасыл екпелердің түрін, сапасын жақсарту және эстетикалық бейнесін жақсарту үшін:

а) уәкілетті орган басшысының атына жазылған, өтініш білдіруші мекеме басшысының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл екпелерді санитарлық кесуге, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру, санитарлық қырқу, жасарту (қырқу), діңін көтеруге сұратылған жасыл екпенің орны көрсетілген өтініш;

б) жер учаскесіне құқық беретін құжаттардың көшірмесі;

в) кесу кезінде - өтемдік ағаш егудің жоспары, жасыл екпелерді өтемдік отырғызу жөніндегі кепілдік хат, жұмысты аяқтау мерзімін, егілген, қайта отырғызылған жасыл екпелерді екі жыл бойы күтіп баптау жұмыстарын жүргізудің шарттарын көрсете отырып, аталған жұмыстарды атқаратын мамандандырылған арнайы ұйыммен жасалған өтемдік ағаш отырғызудың шарты;

г) қайта отырғызу кезінде - өтініш беруші бекіткен жасыл екпенің сипаттамасы көрсетілген ағаш егудің жоспары немесе сызбасы, жасыл екпелерді қайта отырғызу жөніндегі кепілдік хат, жұмысты аяқтау мерзімін, егілген, қайта отырғызылған жасыл екпелерді екі жыл бойы күтіп баптау жұмыстарын жүргізудің шарттарын көрсете отырып, аталған жұмыстарды атқаратын мамандандырылған арнайы ұйыммен жасалған өтемдік ағаш отырғызудың шарты;

3) Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл екпені кесу немесе қайта отырғызуды келісу мынадай ретте жүзеге асырылады:

а) Құрылыс жүргізетін ұйым құрылысқа алғашқы рұқсат құжаттарын дайындау кезінде белгіленген тәртіпте жоба әзірлейді;

б) жобалаушы ұйымның хаты және жобасының негізінде табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті орган құрылыс, қайта жаңғырту жоспарланып отырған учаскеге зерттеу жүргізеді және Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес жасыл екпелер зерттеудің актісін жасайды, онда жасыл екпелердің саны, тұқымдық құрамы, олардың күйі, газон, шөп, гүлзардың бар/жоқтығы көрсетіледі;

в) жобалау құжаты жасыл екпелерді зерттеу актісін ескеріп әзірленеді;

г) жөндеу жұмыстары барысында бүлінген газондар мен гүлзарлар кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтіріледі.

32. Жалпы пайдалану жерлеріндегі жасыл екпелерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру, санитарлық қырқу, жасарту (қырқу), діңін көтеру жұмыстарын, табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті органның рұқсаты бойынша сол жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйым жүзеге асырады.

33. Жасыл екпелерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру, санитарлық қырқу, жасарту (қырқу), діңін көтеру жұмыстары белгіленген тәртіпте ресімделген рұқсат құжаттарының болған кезінде жасалады.

34. Жасыл екпелерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру, санитарлық қырқу, жасарту (қырқу), діңін көтеру жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз жүргізуге жол берілмейді.

35. Ағаштардың өздері, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше немесе апатты жағдайлардың туындауы мүмкін жағдайларда ағаштарды кесу табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімінсіз жүргізіледі.

36. Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлі кесу фактісі төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейіннен табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті органға хабарланады.

37. Табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті орган куәландыру актісінің негізінде кесілген жасыл екпелерді жасыл екпелердің тізілімінен алып тастайды.

38. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 м қашықтықта өсіп тұрған ағаштың ағаштың бөрікбасы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат 3.01-01-2002 Қазақстан Республикасы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу                 (ОЖК бойынша 4 және 5 санаттары) ретінде беріледі.

39. Ағаштарды құлату, бөлшектеу, кесілген ағаштарды және оның қалдықтарын (опилка, бұтақ, жапырақ, қабықтар) тиеу және шығару жұмыс басталған кезден бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады. Кесілген жасыл екпелер мен олардың қалдықтарын жұмыс жүрген орында сақтауға жол берілмейді.

40. Ағаштар кесілген аумақтың маңында газон, гүлзар және жасыл екпе бүлінген жағдайда, уәкілетті органдармен келісілген уақытта, бірақ бүлінген кезден бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей қалпына келтіріледі.

41. Қала ортасының жағдайына бейімделген жасыл екпелерді қайта отырғызу осы Қағидалардың № 2 қосымшасына сәйкес жасыл екпелерді қайта отырғызуға алынған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

42. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар немесе жер пайдалану құқығы шегінде сол аумақ тиесілі ұйым  жүзеге асырады.

43. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді (қайта отырғызуды) уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.

44. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді уәкілетті органның келісімімен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.

 

3 - параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі

 

45. Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.

46. Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.

47. Ағаштарды кесу және санитариялық кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.

48. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу бес есе көлемде жүргізіледі.

49. Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкеліп соққан жағдайда, бес есе көлемдегі өтемақы белгіленеді.

50. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.

51. Отырғызылған ағаш көшеттері шарттық міндеттемелердің мерзімі ішінде солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделі болған тұлғалар немесе ұйым (қолданыстағы кепілдік міндеттемелер шарты бойынша) жасыл екпелерді қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екі жылдың ішінде (ағаш көшетінің ұласып өсу кезеңі) олардың одан әрі күтіп бапталуын қамтамасыз етеді.

52. Лауазымды тұлғалар, заңды немесе жеке тұлғалардың әрекетінен немесе әрекетсіздігі нәтижесінде жасыл екпелер жойылса (кесілсе, жоғалса) немесе бүлінсе сол қалпында, бес есе көлемде толық өтемдік отырғызуға жатады.

53. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған сәулет, қала құрылысы және  құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде, жобалау - сметалық құжаттамаға сәйкес белгіленген тәртіпте тиісті бюджет қаражаты есебінен жасыл екпелерді өтемдік отырғызу жүргізіледі.

54. Автомобиль жолдарының құрылысын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстарын жобалау кезінде, көгалдандыру жобасында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес егетін материалдарды алдын ала қарастыру қажет.

55. Жасыл екпелерді өтемдік отырғызу жұмыстары төмендегідей талаптарды ескеріп, соған сәйкес жүргізіледі:

1) табиғатты пайдалануды реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның рұқсатымен қанағаттанарлық күйдегі жасыл екпелерді кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін топырағымен немесе биіктігі кемінде 2 метрден кем емес қылқан жапырақты тұқым көшеттерін топырағымен бірге, көгалдандыру аумағының көлемін қысқартпай бес есе көлемінде отырғызу жолымен жүзеге асырылады;

1-1) қанағаттанарлықсыз күйдегі жасыл екпелерді кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін топырағымен немесе биіктігі кемінде 2 метрден кем емес қылқан жапырақты тұқым көшеттерін топырағымен бірге, көгалдандыру аумағының көлемін қысқартпай 1:1 көлемінде отырғызу жолымен жүзеге асырылады;

2) жасыл екпелерді заңсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін топырағымен немесе биіктігі кемінде 2 метрден кем емес қылқан жапырақты тұқым көшеттерін топырағымен бірге, көгалдандыру аумағының көлемін қысқартпай елу есе көлемінде отырғызу жолымен жүзеге асырылады.

Жасыл екпелерді заңсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру жұмыстары заң бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3) Діңгегінің диаметрі көшеттің жоғары тамыр жүйесінен (діңгек бөлігі 1.3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек.

56. Алматы қаласының аумағында өтемдік ағаш отырғызу жүргізу үшін табиғатты пайдалануды реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган арнайы учаскелерді белгілейді.

57. Жасыл екпе кесілген аумақтарда бос орындар болмаған жағдайда, табиғатты пайдалануды реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган әрі қарай өтемдік ағаш отырғызу жүргізу үшін арнайы учаскелерді белгілейді.

58. Қайта отырғызу және өтемдік ағаш отырғызу кезінде  топырағын құнарлы топыраққа ауыстыра отырып, егу қарастырылады.

59. Отырғызылған ағаш көшеттері солып қалған жағдайда немесе зақымдалған жасыл желек өздігінен құлаған кезде, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін емес жағдайда жасыл желектерді қалпына келтіру белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

60. Кепілдік күтіп баптау жұмыстарынан кейін жасыл екпелерді қабылдап алу осы Қағидалардың №5 қосымшасына сәйкес жасыл екпелердің өніп-өсуі жөніндегі актінің негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте өтемдік отырғызу жүргізген тұлға 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға кепілдік мерзімінің аяқталуы туралы хабарлауға міндеттенеді.

61. Құрылысшылар жүргізген көгалдандыру жұмыстары, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада өтемдік болып көрсетілмесе, ол өтемдік отырғызу болып есептелмейді.

62. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу және т.б.) және құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл екпелерді  құру және қалпына келтіру жөніндегі, оның ішінде көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын қаржыландыруды қарастыруы қажет.

63. Жөндеу жұмыстары кезінде бүлінген газондар мен гүлзарларды қалпына келтіру құрылыс жүргізушілердің қаражаты есебінен бес есе көлемде жүзеге асырылады.

64. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласының жасыл

екпелерін күтіп-ұстаудың және

қорғаудың қағидаларына

1 қосымша

___ жылдың 1 қаңтарына дейiнгi
Алматы қаласы жасыл желектерiнiң
тiзілімi

 

Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңын жер санаты,
 өсiмдiк түрлерi және функционалдық мақсаты
бойынша бөлу

Алматы қаласы
Әкiмшiлiк аудан: (код)______________________________
Жауапты иесі: _____________________________________
Жасыл желектер тізілімі

 

N р/н, инвен-тарлық N, жасыл желек төл-құжаты

Жердің функционалдық мақсаты, (жасыл желек-тер санаты)

жіктемлік код

Ағаш өсімдігі

 

Жекелеген ағаштар, дана

Топтар, куртиналар

Тоғайлар, алқаптар, бақтар га

Бағытты көшеттер, дана

ОЖК

Барлығы: дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

N р/н,инвентарлық N,жасыл желек төл-құжаты

Жердің функционалдық мақса-ты, (жасыл желектер санаты)

жіктемелік код

Бұта өсімдіктері

 

Жекелеген дана

Жасыл қоршау, дана

Қатарлық көшеттер, дана

Топтық отырғызулар, дана

НЖК

Барлығы:қума метр/дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық кеңістік

 

Гүлзарлар

 

Бір жылдық МІ

Көпжыл-
 дық, МІ/дана

Контей-
 нерлік, дана

Вазон, МІ

Альпинарий, рокарий, МІ

ОЖК

Барлығы:

МІ/дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық кеңістік

 

Көкжелектер

 

Партерлік, МІ

Кәдімгі, МІ

Топырақ беті жамылғысы, МІ

ОЖК

Барлығы:
 МІ/дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласының жасыл

екпелерін күтіп-ұстаудың және

қорғаудың қағидаларына

2 қосымша

Жасыл екпелерді санитарлық кесу, амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшарбасын қалыптастыру (жасарту), санитариялық қырқу,

діңін тазалауға

РҰҚСАТ

 

Берген: ұйымның атауы (заңды /жеке тұлға) ________, мекенжайы: ______ БСН

 

Объекті бойынша: Объектінің атауы

Орналасқан жері: объектінің мекенжайы

 

Кесудің (қайта отырғызудың) себебі: қажеттілік себебін, қаржыландыру көзін көрсету

 

«Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі зерттеу актісіне (уақыты) сәйкес, жасыл екпелердің күйін ескеріп, санитарлық кесу, амалсыз кесу санитариялық қырқу, жасартуды келіседі: жұмыстарды жүргізудің мерзімін көрсете отырып, ағаш-бұташа екпелерінің нақты күйін (сандық, сапалық) көрсетеді.

 

Рұқсаттың әрекет ету мерзімі:

Жасыл екпені кесу ______________________________ байлынысты жүргізіледі.

 

Бұл ретте, бірінші басшыға төмендегідей талаптарды орындау ұсынылады:

Іс-шараны жерасты және жерүсті коммуникацияларды сақтаудың нормалары мен ережелерін сақтай отырып жүргізу; іргелес аумақтардағы жасыл екпелерді қорғау, кұтіп-ұстау және сақтау бойынша толық іс-шаралар кешенін жүргізу.

Ескерту: Тапсырыс берушіге рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін, жазбаша түрде атқарылған жұмыс туралы есепті ұсыну қажет.

 

 

Басшының орынбасары                                                                     аты-жөн

Алматы қаласының жасыл

екпелерін күтіп-ұстаудың және

қорғаудың қағидаларына

3 қосымша

 

Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ

20___ ж. "____" ____________

 

Көше_______________________________________________________
аудан________________________________________ Алматы қаласы
Бiздер, төменде қол қоюшылар,______________________________
атқарушы органның
_________________________________________________________
  лауазымды тұлғасы (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
___________________________________________________________
  және тапсырыс берушiнiң өкiлi
___________________________________________________________
  түсетiн жасыл желектерге зерттеу жүргiздi
___________________________________________________________

 

Нәтижесiнде анықталды:

Жасыл желектердің тұқымдық құрамы

Кесілетін

Қайта отырғызу

Сақталады

Сапалық (нақты) жағдайы

көлем

дм

көлем

дм

көлем

дм

жақсы

қанағат

қанағат емес
 

1


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 

3


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 

4


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 

5


 


 


 


 


 


 


 

 


 


 

 

 

Осы акт _____ дана болып жасалды.
Ескертпе: Тексеру актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға құқық беретiн құжат болып табылмайды.

 

Тапсырысшының өкiлi алды ________ А.Ж.Т.

 

атқарушы органның
лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.

 

Алматы қаласының жасыл

екпелерін күтіп-ұстаудың және

қорғаудың қағидаларына

4 қосымша

 

 

Жасыл екпелердің өсіп-өнуін тексерудің

АКТІСІ

 

Мекенжайы: _________________________________________________________________

                                                        (объекті атауы)

___________ 201___ жыл

Комиссия құрамында:

____________________________________________________________________

Ағаштар мен бұташалардың өсіп-өнуіне, газонның күйіне тексеру жүргізді

Мына мекенжай бойынша:

____________________________________________________________________

Көгалдандыру жұмыстарының уақыты (көктем, күз, қыс) _______ 201____ жыл.

Төмендегілер анықталды: ____________________________________________________________________

 

Объектілер,

көгалдан- дыру

компонент тері

Егілген ағаштар, бұташалар (саны, дана)

Жасалған газондар

(кв.м)

Өнбей қалған ағаштар мен бұташалар саны

(дана)

Сапасы қанағатта- нарлықсыз газон саны (кв.м)

Өнбеу%

Ағаштар

 

 

 

 

 

Бұташалар

 

 

 

 

 

Газон

 

 

 

 

 

 

Өсіп-өнген ағаштар (100 % - өнбеу % ) _________________________ %

                                                                           (жазбаша)

Өсіп-өнген бұташалар (100 % -  өнбеу %) ___________________ %

                                                                                                (жазбаша)

Түгендеу жүргізілген ағаштар мен бұташалардың жалпы күйі: ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Түгендеу жүргізілген газонның жалпы күйі:  _______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

 

Комиссия құрамы:

1. Табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы функцияны жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілі ________________________________________________________

2. Тапсырыс берушінің өкілі _________________________________________________________

3. Мердігердің өкілі _______________________________________________________

4.  Теңгерім ұстаушының өкілі _________________________________________________

 

 

 

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.