• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда 27 сәуірде қай салаларда жұмыс қайта басталды

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматыда ІІ кезең аясында жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімін мақұлдады

Осылайша, қалада 27 сәуірден бастап көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы секторы, бизнеске арналған кәсіби қызметтер, сауда және бірқатар қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жұмысын қайта бастайды.

Атап айтқанда, көлік және қоймалау саласындағы кәсіпорындардан шектеулер толық алынады. Қаржы секторынан шектеулер ішінара алынады – компания қызметкерлері жалпы санының 50%-на дейін жұмысқа шыға алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, сондай-ақ ломбардтар - бұл ретте клиенттерді қабылдамай, тек уәкілетті органда есептік тіркеуден өтуге байланысты қызмет. Айырбастау пункттерінің жұмысы бойынша шектеулер әлі алынбады.

Сонымен қатар, қызметкерлер жалпы санының 50%-ына дейін бизнеске арналған кәсіби қызмет нысандары жұмысын қайта бастайды - B2B. Бұл консалтингтік, аудиторлық, бухгалтерлік, заңгерлік және рекрутингтік қызметтер.

Қызмет етуіне рұқсат етілген аталған салалардың барлық кәсіпорындарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды міндетті сақтау талаптары қойылатын болады. Тиісті салалар бойынша ұйымдар қызметінің жаңдануы және қызметкерлерінің қалада жүріп-тұруына рұқсат алу infoalmaty.kz базасына мәліметтер енгізгеннен кейін мүмкін болады.

Өтініштерді қабылдау 27 сәуір сағат 20.00-де басталды. Биылғы 27 сәуір сағат 23.59 дейін берілген өтініштер 28 сәуір сағат 09.00-ге дейін Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметтер базасына енгізіледі. Егер өтініштер 27 сәуірге дейін берілмеген жағдайда оны кез келген басқа күні сайтта толтыруға болады. Бұл жағдайда өтініштер берілген күннен кейінгі келесі күні қаралады.

Кәсіпорындарды іске қосудың екінші кезеңі аясында қызмет көрсету саласында ТЖО, дөңгелек ауыстыру, көлік жуу, сондай-ақ автосалондардың жұмысы да жаңартылуда, бірақ тұтынушыларға көлік сатпай тек техникалық қызмет көрсетуге рұқсат етілген. Бұл ретте автосалондар мен көлік жуу орындары келушілерді алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.

Бұдан басқа, қалада ұйымдастыру техникасын жөндеу кәсіпорындары, жарнама агенттіктері, дүкендер, оның ішінде сервистік орталықтар, ауыл шаруашылығы техникасы мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді сататын, сондай-ақ тағамдық емес тауарларды үйге жеткізуді жүзеге асыратын компаниялар қайта жұмыс істей бастайды.

Өз кезегінде бұл салалардың іске қосылуы (ТҚКО, дөңгелек жөндеу, автокөлік жуу орындары, автосалондар, ұйымдастырушы және тұрмыстық техникаларды жөндеу кәсіпорындары, жарнама агенттіктері, дүкендер, сонымен бірге, ауылшаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер сататын қызметтік орталықтар, тағамдық емес тауарларды үйге жеткізумен айналысатын компаниялар) жұмыс комиссиясы жүргізген аудиттің Алматы қаласының бас санитар дәрігердің бұйрығымен бекітілген барлық талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана мүмкін болады. Әрбір нысан бойынша шешімді жұмыс тобы жеке тәртіп бойынша қабылдайды. Талаптар орындалмаған жағдайда нысандардың жабылуына дейін әкеліп соғатын әкімшілік шаралар қолданылады.

Кәсіпорындардың жұмысын жандандыру және аудит жүргізу мәселелері бойынша жедел желінің телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 775 882 52 00, 8 775 882 53 92.

Белгілі болғандай, қаланың өнеркәсіп және құрылыс саласындағы кәсіпорындарын кезең-кезеңмен іске қосу Мемлекеттік комиссияның шешімі аясында аудит жүргізілгеннен кейін 20 сәуірден бастап жүргізіледі. Бүгінгі таңда 394 өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарына, сондай-ақ жобалау ұйымдарына аудит жүргізілді. Олардың 306-сы мақұлданып, өз жұмысын қайта бастады. Бұл өнеркәсіптік, құрылыс және жобалау компаниялары. Қалған 88 ұйым жұмыс комиссиясының ескертулерін жояды.

Нәтижесінде, жалпы осы секторларда нотариаттық агенттіктер мен ХҚКО қызметкерлерін қоса алғанда, 39,1 мыңға жуық адам жұмысқа шықты.

Жалпы, Алматыда бірінші және екінші кезең шеңберінде жұмыспен қамтылғандар саны 142,2 мың адамды құрайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.