• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды

Қалалық автобус маршруттары мен метро 21 мамырдан бастап сағ. 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс. Қала автопарктерінің бірінде атап өткендей, егер барлық орындар бос емес болса, келесі автобусты күту керек. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90% - ы жолға шығарылды. Сондай-ақ жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған танымал бағыттарда жылжымалы бірліктер саны артты.

Сонымен қатар, санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.