• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда күшейтілген карантин режимі кезінде қандай ережелер мен шектеулер қолданылады

Егде жастағы адамдар ерекше қорғауды қажет етеді

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың қатысуымен онлайн брифинг өтті. Онда ол тұрғындардан жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Алматылықтар «Қаланың басқа аймағында тұратын қарт туыстарға көмектесуге бола ма?» деген сұрақты жиі қояды екен. Қала әкімінің бірінші орынбасары мұндай жағдайларда азаматтарға қарт және күтімді керек ететін туыстарын карантин уақытында өз үйіне көшіру ұсынылатынын жеткізді. Қазір егде жастағы адамдар ерекше қорғауды қажет етеді. Өйткені, олардың иммунитеті әлсіз.

«Сондықтан қажет нәрсенің бәрін сатып алып, карантиннің соңына дейін қарт адамдардың жанында болу керек, олардың басқалармен байланысын азайтқан дұрыс. Егер бұл мүмкін болмаса, қалада мұқтаж адамдарға көмек көрсететін еріктілер штабы жұмыс істейді. Еріктілер штабының телефоны – 279-1691», — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

«Адамдар үйден қаншалықты алыс кеткенін қалай анықтайды? Себебі, көп адамдар тіркелген мекен-жайда тұрмайды ғой» деген сауалға: «Сіздің тұратын жеріңіз бен қозғалатын жеріңіз арасындағы қашықтық электронды карта және қала тұрғындары кеңінен пайдаланатын қосымшалар арқылы өлшенеді. Тіркеуге келер болсақ, сіз қазіргі таңда нақты тұратын жеріңізге онлайн режимінде уақытша тіркеле аласыз», — деп жауап берді Ерлан Тоқтарханұлы.

Дезинфекцияның адам ағзасы мен жануарларға зияны жоқ

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында шаһар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг өткізді. Брифинг барысында Ерлан Тоқтарханұлы Алматы қаласының тұрғындары үшін ең өзекті болып табылатын мәселелерге тоқталды.

Соның бірі карантин жағдайындағы көшелер, аулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістері нендей сұйықтықпен залалсыздандырылады? Адам ағзасына зиянды емес пе? Құстар мен иттер неге өліп жатыр? деген сауалдар.

Қала әкімінің бірінші орынбасары ол үшін Абектерил, Рубин, натрий хлориді сияқты дезинфекциялық ертінділердің пайдаланылатынын айтты. Мамандардың айтуынша, жан- жануарларға мұндай дезинфекциялық заттардан улану қаупі төніп тұрған жоқ.

«Дезинфекция жұмыстарына 1,0 пайыздық хлорлы ерітінді пайдаланылады. Қалалық ветерианарлық қызметі КМК қызметкерлері құстарға қауіп келтіретін аурулар болмау үшін зертханалық зерттеулер жасалып, потологиялық материалдарға іріктеу жүргізген еді. Нәтижесінде құстардың бұрынғы мұз айдыны орналасқан 100 шаршы метр алаңқайдан табылғаны белгілі болды. Құстар мұз айдынынан еріген суды ішкен. Ал, ол судың құрамында мұздың ұзақ сақталуы үшін қолданылатын улы заттар, яғни хлодагенттердің болғаны себеп болып отыр», — деді Е. Қожағапанов.

Карантин кезінде 3 мың такси қызметі жұмысқа тартылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында шаһар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг өткізді. Брифинг барысында Ерлан Тоқтарханұлы Алматы қаласының тұрғындары үшін ең өзекті болып табылатын мәселелерге тоқталды.

«Қала өміріндегі ең бір сұранысқа ие көлік бұл – әрине такси екендігі белгілі. Карантин енгізілгенге дейін такси шақыртуға күніне 10 мыңнан астам өтінім қабылданса, соңғы аптада ол күрт төмендеген. Яғни шақырту 700-ге түсіп кеткен. Осыған орай Жедел штаб ең белсенді таксилерді қызметке тартып отыр. Олардың барлығы міндетті шарттарды бұлжытпай орындаулары керек», — деді Е. Қожағапанов.

Мәселен, көліктер әрбір шақыртулардан кейін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге және бір жолаушыдан артық алмауға міндетті. Белгілі болғандай, қаладағы карантин кезінде 3 мың такси жұмысқа тартылған екен. Брифингте қойылған сауалдың бірі арақашықтықты сақтауға байланысты болды. Мәселен, егер азық-түлік супермаркеті 1 шақырым жерде орналасса, оған 10 минут уақытта жетуге бола ма деген сауал қойылды.

«Карантин жағдайында ең қолайлысы үйіңізге жақын орналасқан дүкен немесе дәріханаға бару екені даусыз. Егер сізді жаяу патрульдер тоқтата қалса, үйіңіздің маңайында дүкеннің бар-жоғын анықтайтын болады», — деді әкімнің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын мазалап отырған шектеу шараларын ұзартуға байланысты шешімнің қабылдануы мүмкін бе деген сауалдың да жауабы берілді.

«Жұқпалы індеттің белең алып бара жатқанын ескеріп, шектеу шараларының ұзартылуы да мүмкін. Мәселен, Италия карантин мерзімін 13 сәуірге дейін ұзартатындығын мәлімдеді», — деді шаһар басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.