• eng
  • қаз
  • рус

Алматыда тұмауға қарсы вакцина егу басталды

Бүгін, яғни 15 қыркүйекте Алматыда қала тұрғындарын тұмауға қарсы ауқымды вакциналау басталды. Вакциналау 1 желтоқсанда аяқталады. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, биыл тұмауға қарсы тегін вакцинамен қаланың 430 мың тұрғынын қамту жоспарланған.

Олардың арасында:

  • 65 жастан асқан 264 652 адам;
  • созылмалы аурулары бар 125 549 адам;
  • 19 281 жиі ауыратын бала;
  • 9310 медицина қызметкері;
  • жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместріндегі 7472 жүкті әйел;
  • жетім және мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынан, сәбилер үйлерінен 2289 бала;
  • 1447 медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары.

Қауіп тобындағы адамдар тегін вакцина екпесін алуы үшін мыналар қажет:

  • тіркелген орны бойынша емхананың тіркеу бөлімімен алдын ала байланысып, терапевт қабылдауын тағайындау;
  • катаральді құбылыстардың жоқтығын растау үшін терапевтінің тексеруінен өту.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс орталығына +7 (727) 300-05-05 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Тұмауға қарсы вакцина ЖРВИ ауруының өсуін азайту және тұмау вирусының коронавирус инфекциясымен қатар таралуын болдырмау үшін қажет. Бұл кейіннен пневмония түріндегі асқынуға әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.