Оның жұмыс режимі – күн сайын сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін.
Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны – 100 теңге.
Оның жұмыс режимі – күн сайын сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін.
Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматы қаласының Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны – 100 теңге.
Іс-шараға қаланың 160-тан астам кәсіпорны қатысады
Алматы қаласының еңбек мобилділігі орталығы мен мансап орталығы жұмыссыз тұрғындарды 13 қыркүйек сағат 11:00-де Панфилов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында өтетін бос орындар жәрмеңкесіне шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара аясында қала тұрғындарына 5000 тегін кітап таратылатын бірегей «Кітап лабиринті» құрылады
Алматыда 9 қыркүйекте Арбатта жыл сайынғы Kitap Fest Almaty 2023 кітап фестивалі өтеді.
Алматы қаласының Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 8,4 км жылу желілерін қайта жаңарту басталды. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде ескірген жылу желілерін жаңарту жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті.
«Алматы жылу желілері» ЖШС тапсырысы бойынша «Аскади» ЖШС мердігерлік ұйымы 1976 жылдан бастап енгізілген және өзінің нормативтік мерзімін әзірлеген жылу магистралін (Ходжанов көшесі бойынша ТК 1-6-дан ЦТРП-ға дейін) реконструкциялауды жүргізуде.
Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 5 маршрутта (№38, 69, 47, 113, 125) 102 автобус жаңартылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Жетісу ауданы тұрғынының сұрағы: алдыңғы кездесуде сіз маусым айында емхана ашуға уәде берген едіңіз, енді оны қарашаға ауыстырдыңыз. Себебін айта аласыз ба?
Биыл Жетісу ауданында 18 көшеде 22 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мәслихат депутаттары және қоғам белсенділерімен бірлесіп алматылық студенттерінің қоныстану орындарына мониторинг жүргізді. Студенттердің жатақханаларда, қонақ үйлерде және хостелдердегі жағдайды көзбен көрді.
Үш күннен бері Алматыда 100 жаңа мектеп автобусы жүріп жатыр. Автобустар қаладағы 30 мектепке күніне 8258 оқушыны тасымалдайды.
7 қыркүйек сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуі Жайсан көшесі, 22/1 мекенжайындағы «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.
Елімізде Италия халқының мәдениет институты ашылады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен іс-шара барысында белгілі болды.
«Мыңжылқы» кемпинг-аймағы тау демалысын, трекингті, хайкингті және серуендеуді ұнататындарға арналған жабдықталған жазғы лагерь.
Жалпы ауданы - 5,5 мың ш.м. Офицерлер үйінің ғимараты мен жертөленің шатырын күрделі жөндеу биыл 1 қыркүйекте аяқталды.
Жаңа демалыс аймағы бірден көгалдандырылды.
Алматыда көпшілікке арналған алаң ашылды. Алатау ауданында салынған демалыс орны жұрттың серуен құратын сүйікті жеріне айналып та үлгерген. Себебі онда балаларды ойнатып қана қоймай, дене шынықтыруға да болады. Алатау ауданы жұртына жауыр болған мәселенің бірі – жол.
6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді. Кинофестивальдің миссиясы - кинематографтың дамуына жәрдемдесу, талантты авторларды қолдау және қазақстандық мәдениетті әлемдік кино қоғамдастығына ықпалдастыру.
Алматы әкімдігі әлеуметтік желілер мен сервистерде ақпаратты күшейтті. Алматыдағы жолдың жайына қатысты жаңа ресурс қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері үшін маңызды ақпарат көзінің біріне айналды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте 7-11 сынып оқушылары үшін инновациялық корпус ашылды. Ол 520 оқушыға арналған. Мектеп қазақ және орыс тілінде оқитын 1-11 сынып оқушыларына барлығы 1320 оқу орнын ұсынады.
Магистральдық және тарату құбырларын сынақтан өткізу бірнеше көшеде жүргізіледі.
Жаңа жылыту маусымы қарсаңында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізудің соңғы кезеңі Алматының барлық аудан аумақтарында өткізіледі.