Алматы полициясы отандық компания - «KazCyberSystems» ЖШС-мен бірлесіп, немқұрайлы қарамайтын азаматтарға есірткі бизнесі саласындағы фактілер мен қылмыстық әрекеттер туралы хабарламаларды жіберуге мүмкіндік беретін жүйе әзірледі.
Алматы полициясы отандық компания - «KazCyberSystems» ЖШС-мен бірлесіп, немқұрайлы қарамайтын азаматтарға есірткі бизнесі саласындағы фактілер мен қылмыстық әрекеттер туралы хабарламаларды жіберуге мүмкіндік беретін жүйе әзірледі.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі негізінде хабарлайды:
Жаңбыр жауады деген болжамға байланысты 25-26 сәуір күндері Алматы қаласына іргелес аумақта су жиналып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Суық сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қатысты барлық сұрақтарды «Алматы Су» МКК жолдаңыз:
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!
2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді.
Алматы — Қазақстанның аса ірі мегаролисі, ол Іле Алатауының баурайында орналасқан. 1997 жылға дейін қала еліміздің астанасы болды. Қазіргі кезде Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржылық орталығы болып табылады.
Mitsui & Co және Japan System Planning жапон компаниялары алғаш рет Алматы қаласындағы пилоттық жоба аясында құбырлардың ішкі коррозиясын жою үшін ыстық сумен жабдықтау құбырында (диаметрі 108 мм) NMR Pipetector технологиясын қолданды.
Зауытты Алматыдағы Индустриалды аймақ аумағында Қазақстан Республикасы үкіметінің қолдауымен «Астана Моторс» компаниясы салады.
19 сәуірде Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жыл сайынғы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау іс-шарасы өткізілді.
Алматыда жыл басынан бері жиналған үнемі есебінен халықтың аз қамтылған тобының әлеуметтік қажеттіліктеріне, мектептер мен бала бақшалар салуға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, сонымен қатар абаттандыруға жергілікті бюджеттен қосымша 13,8 млрд теңге бөлінеді.
Алматыда «Тұрғындарға арналған қолжетімді сервис» (е-ПИК) порталының таныстырылымы болды, ол тұрғындарға ЭЦҚ арқылы ПИК-ті (басқару органы) таңдауға, ауыстыруға, онлайн есептерді көруге, шығындар сметасына дауыс беріп, үйден шықпай-ақ онлайн жиналыс өткізуге мүмкіндік береді.
Алматыда «Nur Otan» қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» әлеуметтік бағадарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды.
Алматыда кеміргіштермен күрес бойынша кезекті науқан 22 сәуірде басталады. 31 мамырға дейін жалғасатын жаппай дератизация қаланың оңтүстік аудандарынан басталып, қаланың 47 мың гектардан астам аумағын қамтиды.
Алматыда 2020 жылдың соңына дейін 29 ЖОО мен 3 колледж студенттері үшін 39 жатақхана салу жоспарлануда. Оның ішінде 8 жер телімін әкімдік бөлді, 19-зы жоғары оқу орындарына және 2-уі инвесторларға тиесілі. Үш жатақхана бойынша жер мәселесі әлі шешілмеген.
Алматыда тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 140-тан астам адам жұмысқа тұрды.
Алматы қаласының Полиция департаменті мен Спорт басқармасы 21 сәуірде жыл сайынғы спорттық шара - Алматы марафоны өтетінін еске салады. Оған әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысады. Алматы марафоны – Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру жарысы.
Алматыда 17 сәуірден бастап №129 бағытқа төмен еденді 10 автобус шығады. Жаңартылған жылжымалы құрам қазіргі автопаркті толығымен алмастырады. Автобустарға 60-қа жуық жолаушы сияды, бейнебақылау камерасымен жабдықталған және Еуро-4 экологиялық санатына сай келеді.
Алматыда Есентай өзені жағалауының бойында күншығыс елінің символы болып табылатын Сакура аллеясы пайда болады. Бүгін салтанатты рәсім кезінде Бауыржан Байбек пен «Tokyo Rope International» трансұлттық корпорациясының президенті Сато Казунори алғашқы жапондық ағаштарды отырғызды.
Алматыдағы мыңдаған кәріз бен су құдығының қақпағына қосымша темір тор салынады. Бұл адамдардың апандай ашық қалған құдықтарға құлап кететін оқыс оқиғалардың алдын алмақ. Бірақ жұрттың жарақаттанбауын ойлаған бастаманы әзірге тек Алматы су мекемесі қолға алып отыр.
Алматы прокуратурасының ұсынысымен қаладағы сауда үйі бірінің және бірнеше базардың автотұрақ құны сағатына 300 теңгеден 100 теңгеге дейін түсірілді.
Жобаны Smart Almaty тұжырымдамасы аясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласын дамыту орталығы және қазақстандық әзірлеуші компания - «I2NIK» ЖШС бірлесе іске асырды.