• eng
  • қаз
  • рус

Фармацевтикалық қызметке лицензия алу

Фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет. Сонымен қатар, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы айналдырумен, сапасын бақылаумен, бөлумен, пайдаланумен және жоюмен байланысты қызмет.

Егер сіз фармацевтикалық қызметті заңды тұлға (ЖШС) құрмай жүзеге асыруға ниеттенсеңіз, сіздің фармацевтикалық біліміңіз және мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтіліңіз болу керек.

Ескерту: фармацевтикалық қызметке (дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшек саудада өткізу) қойылатын біліктілік талаптарымен мына жерде таныса аласыз.

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Лицензияны Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына жүгініп ала аласыз.

Ол үшін келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. жеке тұлға немесе заңды тұлға ретіндегі өтініш;
  2. жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат және ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ЖС «Салық төлеушіні тіркеу»);
  3. 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсыну кезінде толтырылады);
  5. дәрілік заттарды дайындайтын денсаулық сақтау ұйымдарының дәріханаларында дайындалған дәрілік заттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жайдың жоспары.
2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу; 
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту;
  3. жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтінімін ұсыну:
  • 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • мемлекеттік мүлікті жалдау немесе сенімгерлік басқару шартының электрондық көшірмесі;
  • фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсыну кезінде толтырылады);
  • дәрілік заттарды дайындайтын денсаулық сақтау ұйымдарының дәріханаларында дайындалған дәрілік заттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай жоспарының электрондық көшірмесі.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

3

Лицензияға қосымшаларды қалай алуға болады?

Лицензияға қосымша алу үшін ұсыныңыз:

  1. жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтінімін;
  2. фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтерді (ұсыну кезінде толтырылады);
  3. дәрілік заттарды дайындайтын денсаулық сақтау ұйымдарының дәріханаларында дайындалған дәрілік заттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жайдың жоспарын.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: фармацевтикалық қызметке лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралынегізделген жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.