• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ізденіс қызметін жүзеге асыруға лицензия алу

Ізденіс қызметі бұл ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және қалпына келтіру кезінде ең тиімді шешімдерді әзірлеуге қажетті мәліметтерді алу үшін құрылыс аймағын техникалық эәне экономикалық зерттеулер кешені болып табылатын инженерлік ізденістер бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған Үкімет» МК-на жүгіну арқылы лицензия ала аласыз.

Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның белгіленген нысандағы өтініші;
  2. жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. 10 АЕК (2022 жылы - 30 630 тг) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртетер (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. ізденіс қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады).
  5. шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін ізденіс қызметіне тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесің (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия беру, ізденіс қызметіне лицензияның телнұсқасын беру немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту;
  3. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның өтінішін төмендегі құжаттардың тіркелген электрондық көшірмелерімен бірге беру:
  • 10 АЕК (2022 жылы - 30 630 тг) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • ізденіс қызметін лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер.
  • шетел азаматтары қосымша шетел азаматтары үшін ізденіс қызметіне тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесін электронды көшірме нысанында (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия беру, ізденіс қызметіне лицензияның телнұсқасын беру немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.