• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер

  1. Клиникалық әрекет етуге жол беру үшін сертификат беру.
  2. Медициналық білімі бар мамандарға тиісті біліктілік категорияның берілуі туралы куәлік беру.
1

Сертификат/куәлік алу үшін egov.kz порталы арқылы құжат тапсыру

Сіз www.elicense.kz порталында онлайн аттестация өтуге құжаттарды тапсыра аласыз.

Бұл үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу;
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту;
  3. құжаттардың электронды көшірмелері қосылған өтініш жолдау:
  • қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сауал беру;
  • мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижесінің көшірмесі;
  • медициналық білім алу дипломының электронды көшірмесі;
  • мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны (бар болса) аяқтағаны туралы құжаттың электронды көшірмесі;
  • мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің электронды көшірмесі (бар болса);
  • мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • ҚР тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің электронды көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы куәлігінің электронды көшірмесі.

Шетел тілінде берілген құжатқа қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аударманың нотариалды куәландырылған көшірмесі көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: 5 жылғы мерзімі бар маман сертификатының/куәліктің берілуі немесе бас тарту туралы негіздемелі жауап.

2

Аттестациядан өту үшін өкілетті орган арқылы құжаттарды тапсыру

Қызмет алушының қызмет көрсетушіге жүгіну кезінде медициналық қызмет жасау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. мемлекеттік қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. мемлекеттік қызмет стандартының 3 қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
  3. мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижесінің көшірмесі («ДСДРО» РМК берілген);
  4. медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;
  5. мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны (бар болса) аяқтағаны туралы құжаттың көшірмесі;
  6. мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  7. мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  8. ҚР тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің көшірмесі;
  9. білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғаны немесе некеге отырғаны туралы немесе некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі.

Шетел тілінде берілген құжатқа қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аударманың нотариалды куәландырылған көшірмесі көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: 5 жылғы мерзімі бар маман сертификатының/куәліктің берілуі немесе бас тарту туралы негіздемелі жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.