• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу

Медициналық қызмет – бұл дәрігерге дейінгі, амбулаториялық-емханалық, стационарлық, жоғары технологиялық, жедел және шипажайлық-курорттық медициналық көмек көрсету жұмыстары немесе қызметтері.  

Сіз тиісті лицензиясыз кез-келген медициналық қызметті жүзеге асыра алмайтыныңызды білуге тиіссіз.

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Лицензияны төмендегі орындарға жүгіну арқылы ала аласыз:

  1. Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;
  2. тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на.

Ол үшін төмендегі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

  1. жеке тұлға немесе заңды тұлға ретіндегі өтініш;
  2. жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
  3. 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
  5. үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  6. жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  7. қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктер (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  8. мәлімделетін қызмет түршелеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.

2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. порталда тіркелу және авторизациядан өту;
  3. жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтінімін төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге ұсыну:
  • 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
  • үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  • жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
  • қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;
  • мәлімделетін қызмет түршелеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.  

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

3

Лицензияға қосымша алу

Лицензияның бұл түрі бірнеше әртүрлі көрсетілетін қызметтерді қамтиды. Қосымша көрсетілген қызмет бойынша лицензияға қосымша алу үшін сіз қосымша алуға өтініш беруіңіз керек:

  1. Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына;
  2. тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на;
  3. www.elicense.kz порталында.

Ол үшін сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өтініші;
  2. біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;
  3. үй-жайға немесе ғимаратқа меншік құқығын (құқық белгілейтін құжат), мемлекеттік мүлікті жалдау (жалгерлік шарты) немесе сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  4. жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  5. қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар немесе біліктілікті арттыру туралы куәліктер (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
  6. қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасы).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензияға қосымша немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.