• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Монтаждау-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу

Анықтамаға сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары – бұл ғимараттар мен құрылыстарды салу, сондай-ақ технологиялық жүйелер мен жабдықтарды монтаждау кезінде орындалатын жұмыстар.

Монтаждау-құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін сіз ДК немесе ЖШС ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуіңіз керек.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы біліктіліктің болуын талап ететіндіктен, бұл қызмет түрі лицензиялауға жатады.

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на жүгіну арқылы лицензия ала аласыз.

Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның белгіленген нысандағы өтініші;
  2. жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. 10 АЕК (2022 жылы - 30 630 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектер (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. құрылыс-монтаждау жұмыстарын лицензиялау кезінде қойылатын ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады);
  5. шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесі (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның өтінішін құжаттардың электрондық көшірмелерімен бірге ұсыну:
  • 10 АЕК (2022 жылы - 30 630 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта»АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер;
  • шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесін электронды көшірме нысанында (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.