• eng
  • қаз
  • рус

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшылар аттестациясы

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мамандар мемлекеттік аттестациядан өтуге тиіс.

Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманы жүзеге асыруға аттестат алу үшін басшы ретінде сіз төмендегі жерлерге жүгіне аласыз.

1

Портал арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Сіз аттестациядан онлайн өтуге www.elicense.kz порталында құжат тапсыра аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу; 
  2. www.elicense.kz  порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелері тіркелген өтініш беру:
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы немесе сот сараптамалары органының аумақтық бөлімшесінің бастығы немесе оны орнын басатын адам дайындаған сот сарапшысына кәсіби біліктілік деңгейін көрсететін мінездемесі;
  • сот сарапшысының соңғы жылдың ішіндегі қорытындыларына рецензия;
  • белгіленген нысан бойынша мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: аттестациялық куәлік алу немесе бас тарту туралы негізделген жауап.

2

Уәкілетті орган арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Аттестациядан өтуге құжат тапсыру үшін сіз Алматы қ. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. өтініш;
  2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басшысы немесе сот сараптамалары органының аумақтық бөлімшесінің бастығы немесе оны орнын басатын адам дайындаған сот сарапшысына кәсіби біліктілік деңгейін көрсететін мінездемесі;
  3. сот сарапшысының соңғы жылдың ішіндегі қорытындыларына рецензиясының көшірмесі;
  4. белгіленген нысан бойынша мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: аттестациялық куәлік алу немесе бас тарту туралы негізделген жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.