• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыруға және инжинирингтік қызмет көрсетуге аттестация

Сараптамалық жұмыстар – жобаларды сараптау және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына техникалық тексеру жүргізу бойынша жұмыстар.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызмет көрсетулер – оңтайлы жобалау көрсеткіштеріне жету мақсатымен құрылыстың дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қызмет көрсетулер кешені (техникалық және авторлық қадағалаулар).

 

1

Аттестациядан онлайн өтуге құжат тапсыру

Сіз www.elicense.kz порталында аттестациядан онлайн өтуге құжат тапсыра аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелерін тіркеп сауал салу:
  • жоғары кәсіби білім туралы диплом (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
  • еңбек кітапшасы.

Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, сіз еңбек қызметіңізді растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынуға тиіссіз:

  1. жұмыс берушінің еңбек шартының әрекеті басталған күні мен оның тоқтату негізі туралы белгісі бар еңбек шарты;
  2. еңбек шартын жасасудың және тоқтатудың негізінде еңбек қатынастарының пайда болғанын және тоқтағанын растайтын жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірме;
  3. жұмыс беруші қол қойған, ұйымның мөрімен немесе нотариалды түрде куәландырылған қызмет тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
  4. қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтама.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: сәулет, қылы құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын және инжинирингтік қызмет көрсететін сарапшының аттестатын беру немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы жазбаша түрдегі негізделген жауап.

2

Тестілеуден өту

Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Уәкілетті органның бұйрығымен тестілеуге қатысуға рұқсаттың болуы немесе болмауы туралы шешім қабылданады.

Бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде сізге тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты немесе тестілеуге қатысуға жол бермеу себептері туралы жазбаша мәлімделеді.

Тестілеу өткізілген соң Уәкілетті орган сізді тестілеудің нәтижелерімен таныстыру керек. Жергілікті уәкілетті орган «аттестацияланған жоқ» деген шешім қабылданған жағдайда мәлімдеушіге оның себептері көрсетіледі. Аттестацияланған сарапшылар туралы ақпарат ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Сарапшының аттестаты «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында жарияланады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.