• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Түпнұсқалық, таңдаулы, репродукциялық тұқымдарды өндірушілер мен сатушылардың аттестациясы

Қазақстанда түпнұсқалық, таңдаулы және репродукциялық тұқымдарды өндіретін және сататын кәсіпорындар олардың мемлекеттік аттестациядан өтуіне қойылатын бірқатар талаптарға сай болу керек. Талаптар тізбесі мына жерде көрсетілген.

Қазақстанда түпнұсқалық, таңдаулы және репродукциялық тұқымдарды өндіретін және сататын кәсіпорындардың аттестат алуы үшін басшы ретінде сіз порталға немесе уәкілетті органға жүгіне аласыз.

1

Портал арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Сіз аттестациядан www.elicense.kz порталында онлайн өтуге құжат тапсыра аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz  порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. тұқымдарды өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер құжаттарының электрондық көшірмелері тіркелген сұрау салу.

Қызметті көрсету мерзімі: 20 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: аттестаттау туралы куәлікті электрондық құжат нысанында.

2

Уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация арқылы аттестациядан өтуге құжат тапсыру

Алматы қ. Ауыл шаруашылығы басқармасына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на жүгіну кезінде сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. тұқымдарды өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 20 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: аттестаттау туралы куәлікті электрондық құжат нысанында.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.