• eng
  • қаз
  • рус

Туристік операторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу

Туризм Қазақстанның ең маңызды кластерлерінің бірі болып танылды. Бүгінгі күні Алматы келушілері көп негізгі туристік нысан болып табылады, алайда оның күші толығымен іске асырылған жоқ. Алматының туристік жағынан көпшілікке танылуына жергілікті туроператорлық қызметр көрсетулердің дамуы жағдай жасауы мүмкін.

Туроператорлық қызмет – заңды тұлғаның немесе дербес кәсіпкердің (туроператордың) лицензияның негізінде жүзеге асыратын туристік өнімді қалыптастыру, ілгері жылжыту және іске асыру бойынша қызметі.

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на жүгіну арқылы лицензия ала аласыз.

Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның өтініші;
  2. жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат және ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; 
  3. 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. сақтандыру полисі (сақтандыру компаниясынан алуға болады);
  5. туристік операторлық қызметті лицензиялау кезінде ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады).

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның төмендегі құжаттардың электрондық көшірмелері тіркелген өтінішін беру:
  • 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі (сақтандыру компаниясынан алуға болады);
  • туристік операторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы себептемелі жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.