• eng
  • қаз
  • рус

Жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу

Жобалау жұмыстары - бүкіл жұмыстар циклын тұжырымдама мен эскизден бастап барлық элементтерді есептеуге дейін құжаттауды тұспалдайтын инженерлік және сәулеттік жобалау бойынша қызмет көрсетулер.

1

Лицензияны қалай алуға болады?

Тіркелген жеріңіз бойынша Алматы қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК-на жүгіну арқылы лицензия ала аласыз

Ол үшін сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

  1. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның белгіленген нысандағы өтініші;
  2. жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектер (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде төлеуге болады);
  4. жобалау қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады);
  5. шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесі (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.

2

Лицензияны онлайн қалай алуға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі қызмет түрлерін электрондық лицензиялауға көшу жүзеге асырылды. Осыған байланысты сіз лицензияны www.elicense.kz порталында онлайн ала аласыз.

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. www.elicense.kz  порталында тіркелу және авторизациядан өту;
  3. заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның өтінішін төмендегі құжаттардың тіркелген электрондық көшірмелерімен бірге беру:
  • 10 АЕК (2017 жылы - 22 690 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмесі (банктің немесе «Қазпошта» АҚ есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде немесе өтініш www.elicense.kz порталы бойынша берілген жағдайда «электрондық шлюз» арқылы төлеуге болады);
  • жобалау жұмыстарын лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер (ұсынатын орында толтырылады);
  • шетел азаматы қосымша шетел азаматтары үшін жобалау жұмыстарына тиісті растамасы бар шет мемлекет лицензиясының немесе тиісті рұқсат құжатының көшірмесін электронды көшірме нысанында (1 немесе 2 дәрежелі лицензия алу қажет болғанда) ұсынады.

Қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: лицензия алу немесе қызмет көрсетуден бас тартқаны туралы негізделген жауап.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.