• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Автокөлікке сақтандыру алу

Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңына сәйкес, әрбір көлік иесі сақтандыру полисін рәсімдеуге міндетті (халық арасында «сақтандыру»). Ол бөтеннің мүлкін қалпына келтіру шығыстарын жабады, егер кінәлі сіз болсаңыз.

1

Сақтандыруды қалай рәсімдеу керек?

Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар кез келген сақтандыру компаниясынан міндетті сақтандыру полисін ала аласыз.

Көлік құралын ерікті сақтандыру туралы келісім-шарты 2 данада жазбаша түрде жасалады. Сақтандыру сомасы шарт жасалған сәттегі автомобильдің құнынан аспауы тиіс. Автомобильдің құны оның бастапқы құнынан амортизациясын (тозу) және тауарлық келбетін есептей отырып анықталады.

Шарт жасасу үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. жүргізуші куәлігі;
  2. көлік құралын тіркеу туралы куәлік немесе өзге де құжаттар;
  3. жолдық парақ;
  4. көлік құралын басқаруға сенімхат (көлік иесі болмаған жағдайда) немесе көлікті иеленуді, пайдалануды немесе билік етуді растайтын өзге де құжат;
  5. жалдау шарты, егер автокөлік жалға берілсе.

Ескерту: сақтандыру құны автокөлікті тіркеу жері, оны пайдалану мерзімі, айдау өтіліне, көлік иесінің жасы мен авариялардың тарихына байланысты. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу әдісі көлік құралының әрбір түрі үшін бірдей болып табылады, сондықтан, сақтандыру құны барлық сақтандыру компаниялары үшін бірдей болып табылады.

Сақтандыру оқиғасы орын алғандағы төлем көлікке зиян келтіргені үшін 600 АЕК-ке дейін және зардап шеккен адамға келтiрiлген зиян үшiн 1000 АЕК-ке дейін бара алады.

2

Сақтандыруды жоғалту

Егер сіз сақтандыру полисін жоғалтып алсаңыз, сіз келісім енген сақтандыру компаниясына хабарласып өтініш білдіруіңіз тиіс. Сізге сақтандыру полисінің көшірмесі беріледі. Сақтандыру полисінің телнұсқасын алғаннан кейін түпнұсқасы жарамсыз болып саналады және сақтандыру төлемі түпнұсқа арқылы жасалмайды.

3

Ерікті сақтандыру

Сіз сондай-ақ өз мүлкіңізді сақтандырғыңыз келсе ерікті сақтандыру полисін өз еркіңізбен рәсімдей аласыз. Мысалы, туындаған жағдайда, ерікті полис сіздің автомобильді өтеп береді, оның сыртқы немесе ішкі залалдарын қалпына келтіру құнын өтейді.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жүргізуші куәлігі;
  2. көлік құралының немесе өзге де құжаттарды тіркеу туралы куәлік;
  3. жүкқұжаты;
  4. көлік құралын басқаруға сенімхат (көлік иесі болмаған жағдайда) немесе көлікті иеленуді, пайдалануды немесе билік етуді растайтын өзге де құжат;
  5. жалға беру, егер көлік жалдау шартына сәйкес жүзеге асырылады.
4

Ескеріңіз!

Бір сақтандыру полисі бір көлікке ғана берілуі мүмкін. Бұл дегеніміз, сізде екі көлік бар болса, сізде екі сақтандыру полистері болуы тиіс.

Сақтандыру полисі 1 жылға жарамды. 1 жылдан кейін, сіз қайта сақтандыру компаниясында сақтандыруды жаңартуыңыз қажет. Көлік тіркемесіне, жеке сақтандыру полисі мен сертификат алу керек. Ақаулы немесе бұзылған көліктер сақтандыруға жатпайды.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.