• eng
  • қаз
  • рус

Аз қамтылған азаматтарға бір реттік әлеуметтік көмек

1

Әлеуметтік көмек алу тәртібі

Әлеуметтік көмек тағайындау үшін Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аудандық бөліміне (тіркелген тұрғылықты жері) өтінішпен қоса мынадай құжаттарды тапсыру керек:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. тұрғылықты жері бойынша тіркелгенінрастайтын құжат;
  3. отбасы құрамы туралы мәліметтер;
  4. тұлғаның табыстары туралы мәліметтер (отбасы мүшелерінің де);
  5. өмірлік қиын жағдай туғанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады (табиғи апат, ауру және т.б.).

Құжаттарды қараудың соңғы мерзімі: аудандық басқарма өтініш берушінің әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті құжаттарды тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттардың негізінде әлеуметтік көмек беруден бас тартады немесе әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы учаскелік және арнайы комиссияның қорытындыларымен қабылданады.

2

Отбасының жан басына шаққандағы табысы қалай анықталады?

Отбасының жан басына шаққандағы табысы есептелу мерзіміндегі отбасының жиынтық табысын алынған мерзімдегі айлар санына мен отбасы мүшелері санына бөлу арқылы есептеледі.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.