• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бала босанудан кейінгі төлемдер мен жәрдемақылар

Төлемдердің жәрдемақыдан ерекшелігі жәрдемақыдан ерекшеліктері, жәрдемақының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын және қатыспайтын тұлғаларға бюджет қаражатынан төленетіндігінде, ал төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана және әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады. Қорытынды, бала босануға байланысты келесі төлемдер мен жәрдемақылар беріледі:

  1. бала тууына байланысты берілетін Мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істейтін және істемейтін әйелдер үшін) – бекітілген жәрдемақы; 
  2. ай сайынғы баланың тууына және (немесе) оның 1 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін);
  3. ай сайынғы баланың тууына және (немесе) оның 1 жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін);
  4. жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемдер (жұмыс істейтін әйелдер үшін).

Егер сіз босануға байланысты демалыста екінші балаға жүкті болсаңыз, онда сіз төлемдердің 4 түрінін ішінен 1 ғана төлемақы түрін аласыз және күтім бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы аласыз. Екінші баланың туған кезде жұмыс берушіге босануға байланысты демалысты ақысыз создыру туралы өтінішпен жүгіну қажет.

1

Бала туылғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақылар

Қызметті онлайн алу:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) алу;
  2. порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту;
  3. өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою .Өтінімде Қазпочтада, «Халық Банкі» АҚ-нда немесе «Қазкоммерцбанк» АҚ-нда ашылған жеке есепшоттың нөмірін (IBAN) мәліметтерді көрсету;
  4. жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін бала тууға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Ескерту. Электрондық қызмет бала тууға және бала күтіміне жәрдемақы тағайындауға қатысты көрсетіледі. Қызметті баланың тууы туралы жазба актісі 2007 жылғы 13 тамыздан бастап жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге отырған азаматтар қолдана алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы:

  1. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
  2. баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
  • Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат.
  • Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік.
  • Өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.

Қызмет көрсету мерзімі: 7 жұмыс күні.

Қызмет көрсету нәтижесі: бала туғанда берiлетiн және (немесе) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жүзіндегі дәйекті жауап.

2

Баланың бір жасқа толуына дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар

Бала дүниеге келгеннен кейінгі төлемдері мен жәрдемақыларды рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға тапсыру керек:

  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат документ, (мекенжай анықтамасы немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы, Байқоныр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
  4. баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
  5. банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат. Шотты кез келген ҚР ЕДБ немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын «ҚазПошта» АҚ сияқты басқа ұйымдарда ашуға болады;
  6. бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда - қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме;
  7. балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады;
  8. егер құжаттарды үшінші тұлға берсе, нотариалдық куәландырылған сенімхат.

Қарау мерзімі: 8 жұмыс күні ішінде.

Қарау нәтижесі: жәрдемақы/төлемдерді жазбаша тағайындау туралы шешім немесе тағайындаудан бас тарту.

3

Жүктілігі, босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем

Бала дүниеге келгеннен кейінгі төлемдері мен жәрдемақыларды рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға тапсыру керек:

  1. жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат документ, (мекенжай анықтамасы немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы, Байқоныр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
  4. жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты берілген жұмысқа уақытша қабілетсіздігі парағы (төменде сіз оны қалай алуға болатындығы туралы біле аласыз);
  5. банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының (шотты кез келген ҚР ЕДБ ашуға болады), немесе түзету мекемесінің қолма қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы құжат;
  6. өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
  • жеке кәсіпкер терінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622 бұйрығымен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу қағидаларының 17 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен берілген салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер бойынша салыстыру акті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде №5446 санымен тіркелген).

      7. егер құжаттарды үшінші тұлға беретін болса, нтариалдық куәландырылған сенімхат.

Қарау мерзімі: 8 жұмыс күні ішінде.

Қарау нәтижесі: жәрдемақы/төлемдерді.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.