• eng
  • қаз
  • рус

Баланы балабақшаның кезегіне қою

Алматы қаласында  мектепке дейінгі білім

беру ұйымдарында балалары электрондық кезекте

 тұрған ата-аналардың назарына.

            2018 жылдың ақпан айынан бастап «Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»  жаңа мемлекеттік стандарты (2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрық) және кезекті қалыптастырудың және оның жұмыс істеу үдерісін автоматтандыру және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жолдамалар беру бойынша әдістемелік ұсынымдар енгізілді, осыған байланысты әрбір ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет.

1

Бұрын қызмет қалай көрсетіліп еді:

  1.           1. Кезек белгілі бір балабақшаға арналған болатын;

               2. Жеңілдіктердің барлық санаты бойынша кезектен тыс жолдамалар берілетін;

               3. Өтініштегі деректер өзгерген кезде (санаттың өзгеруі) өтініш иесі кезектен шығып, жеңілдігін көрсетіп, кезекке қайтадан тұратын;

              4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке меншік бала-бақшаларға жолдама алған кезде өтініш иесінің мемлекеттік балабақшадағы  кезегі сақталған болатын;

                5. Өтініш иесінің өз бетінше өтінішіндегі деректерді (санат, байланыс деректері) өзгертуге, баланы кезектен алуға мүмкіндігі болмады;

               6. Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға мүдделілігін растайтын функциясы болмады.

2

Қазір қалай:

«Кезекке қою және жолдамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша жаңа Стандартқа сәйкес өзгерістер енгізілді.

            Жүйе (open-almaty.kz.) өтініш иелеріне кезекке қоюға өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректеріне түзету енгізу / қосу), өтінішті кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымға орналастыру үшін жолдама алуға, жолдама алуға мүдделілікті көрсетуге мүмкіндік береді.

            Қазіргі уақытта балабақшаға жолдама алу үшін ата-аналардың өтінішінде көрсетілген  баланың туылған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезек қалыптастырылады (белгілі бір балабақшаға арналған кезектер жоқ).

            Қараша және желтоқсан айларында туылған балалар келесі жылы туылған балалармен бірге бір кезекке орналастырылады. Өтініш кезекке қойылған күнінен бастап тіркеледі.

            Жүйедегі жеңілдік санаттары екіге бөлінеді:

  1. Кезектен тыстағылар (әскери қызметшілердің балалары). Осы санат бойынша өтініш берушілер балабақшада бос орын болса, кезектен тыс жолдама алады.
  2. Бірінші кезектегілер (заңды өкілдері мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім алуды қажет ететін балалар). Жеңілдіктердің осы санатындағылар жолдаманы «1/3» қатынасы бойынша жолдама алады. (Жеңілдік санатындағы бір өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші).
3

Жолдама алу үшін:

  1. Кезек келген кезде аталған электронды поштаға және телефон нөміріне кезектің келгені туралы хабарлама келеді. Егер ата-ана балабақшаны таңдамаса және регламенттегі уақытқа (сағ. 9:00- 20:00) сәйкес жолдама алмаса, осы орын кезекте тұрғандардың барлығына қолжетімді болады, тобының және жас шамасына сәйкес. (осы орайда балабақшаны таңдамаған өтініш беруші яғни, ата-ана жалпы кезекте қала береді);
  2. Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған кезде бала кезектен автоматты түрде шығарылады (осы орайда өтініш беруші кезекке қоюға өтініш бере алады, егер ол тізімнен алынған және  балабақшаға барып жүрген болса);
  3. Егер ата-ана жолдама алған соң, 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға бармаса, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күні мерзіміне  стоп-парақ бойынша жіберіледі. Өтініштің стоп-парағында  тұрған кезде жолдаманы алу мүмкіндігі тоқтатылады.

         Егер өтініш беруші берілген жолдаманы қолдану уақытын 2 рет өткізіп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады;

  1. Мына жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік балабақшаға жолдама алу қолжетімді болады:
  • егер баланың жасы 3-ке толса және одан асса;
  • егер бала кезекте тұрса;
  • балабақшада бос орын болса.

            Мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік балабақшаға жолдама алу кезінде кезектің нөмірі маңызды болмайды. Алайда ата-аналар мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке меншік балабақшаға жолдама алу кезінде баланың автоматты түрде кезектен шығарылатынын ескеруі қажет.

Порталға сілтеме: https://balabaqsha.open-almaty.kz/

4

Мәселелер туындаса, мына Қолдау қызметіне өтініш жасауларыңызды сұраймыз:

317 75 99, +7 771 030 17 48, 262 21 15, sp.ddoalmaty@gmail.com

0
Голосов пока нет

There are 8 Comments

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.