• eng
  • қаз
  • рус

Баланы басқа мектепке (сыныпқа) қалай ауыстыруға болады?

Бүгінгі таңда балалардың барлық 11 сыныпты бір мектепте оқып бітіруі сирек кездеседі. Мекенжайды ауыстыру сияқты жағдайларда ата-аналар балаларын үйренісіп қалған бір мектептен екіншісіне ауыстыруға мәжбүр болады. Бұл мақалада біз баланы бір оқу орнынан басқасына ауыстыру кезінде құжаттарды қалай рәсімдеу керектігін баяндаймыз.

Басқа мектепке ауысатын кезде оқушының тіркелген орны мен тұрғылықты жері ескеріледі.

1

Баланы басқа мектепке ауыстыру үдерісі

Жаңа мектепке ауысу үшін:

  1. жаңа мектепте келгені туралы талон алу;
  2. талонды бұрынғы оқу орнына тапсырып, шығу талоны мен оқушының жеке құжаттарын алу;
  3. мектеп директорының атына баланы қабылдау туралы өтініш жазу;
  4. өтінішке келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:
  • 3х4 өлшемді 2 фотосурет;
  • туу туралы куәліктің көшірмесі мен түпнұсқасы;
  • 086-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • алдыңғы оқу орнынан жеке ісі;
  • мекенжай анықтамасы.

Ескерту: баланы басқа мектепке ауыстыру туралы өтінішті Алматы қ. Білім басқармасының аумақтық бөлімшесі қарастырады.

2

Баланы басқа сыныпқа ауыстыру

Баланы бір сыныптан басқасына ауыстыру мәселесін ата-ананың өтініші бойынша мектеп директоры шешеді. Баланы басқа сыныпқа ауыстырудан сыныптың толуына байланысты бас тартылуы мүмкін. Бір сыныпта оқушылар саны 25 адамнан аспауы тиіс.

3

Туындауы мүмкін өзге жағдайлар

  1. Шетелдік балалардың білім алуға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқығы бар. Шетелдік баланы мектепке қабылдау үшін өтінішке ықтияр хатты (Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының аудандық бөлімшесінде беріледі) қоса тіркеу керек.
  2. Азаматтығы жоқ тұлғаларда өзімен бірге азаматтығы жоқ тұлғаға берілетін куәлік, босқындарда, тиісінше босқынның куәлігі, оралмандарда оралман куәлігі немесе көші-қон полициясы берген анықтама болуы тиіс.
  3. Уақытша тұратын тұлғаларда төлқұжаттың көшірмесі және көші-қон карточкасының көшірмесі болғаны жөн.
  4. Осы құжаттардың барлығы тіркелген жері бойынша оқу орнына тапсырылады.
0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.