• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Баланы қалай вакциналауға болады?

Вакциналау немесе екпе жасау дегеніміз - ауруға қарсы иммунитет тудыру мақсатында антигенді материал енгізу болып табылады және бұл зақымданудың алдын алады немесе оның кері салдарын әлсіретеді.

Көптеген сырқаттардан вакциналау арқылы сақтануға болады. Мұндағы ең бастысы - қандай екпелерді және қашан алу қажет екенін білу керек.

Заңнамаға сәйкес, сіз ата-ана немесе қамқоршы ретінде балаға вакциналау мәселесін өз бетінше шешуге құқылысыз.

1

Екпе жасалмаған балалардың құқығы

Екпе жасалмаған бала басқа балалар сияқты балабақша мен мектепке баруға құқылы. Екпенің жасалмауы балаларды - балаларға арналған білім беру ұжымдарына қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Сонымен қатар, балабақшада немесе мектепте инфекциялық ауру тіркелген әрбір жағдайда екпе жасалмаған балалар инфекция жұқтырудың үлкен тәуекеліне ұшырайды, өйткені олар инфекциядан қорғалмаған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайда ауру ауыр нысанға ауысумен және асқынумен өрбиді.

2

Балаларды вакциналау

Балаларды вакциналау – Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе жасау күнтізбесіне сәйкес баланың туылған кезінен бастап, Дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау жөніндегі ұлттық орталықтың сертификаты бар вакциналармен жүргізіледі. Екпелер күнтізбесімен мұнда танысып шығуға болады.  

Вакцина егу перзентханада, бекітілген жері бойынша емханада жүргізіледі, ал төтенше жағдайларда – медициналық мекемелердің мамандандырылған кабинеттерінде жүргізіледі.

3

Иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністер

Иммундауден кейінгі жағымсыз көріністер – дене қызуының орташа деңгейде көтерілуі, екпе жасалған жердің ауыруы секілді реакциялар түрінде кездеседі. Екпе жасалғаннан кейін, аллергиялық реакция немесе басқа да жанама әсері орын алған жағдайда медициналық жәрдем алу үшін баланы дәрігердің бақылауында кемінде 30 минут ұстау қажет. Егер көкжөтелден, дифтериядан және сіреспеден екпе жасалғаннан кейін баланың дене қызуы көтерілетін болса алаңдаудың қажеті жоқ.

Егер балаға белгілі себептермен уақытылы вакцина жасалмаған болса, әрбір вакцина үшін өзінің вакциналау сұлбасы бар.

4

Алынған барлдық екпелер туралы мәлімет

Алынған барлық екпелер туралы мәліметттер міндетті түрде оның амбулаториялық картасына немесе екпе төлқұжатына енгізіледі. Кейіннен амбулаториялық карта немесе екпе төлқұжаты баланы балабақшаға немесе мектепке орналастырған кезде ұсынылады. Барлық жүргізілген профилактикалық екпелер медициналық жұмыскермен есепке алынуы тиіс және онда келесі мәліметтер болуы тиіс: препараттың енгізілген күні, препараттың атауы, сериясының нөмірі, мөлшері, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге орай реакциялардың сипаты, өндіруші-ел. Амбулаториялық карталардан немесе екпе төлқұжатынан басқа, екпе туралы деректер профилактикалық екпелер картасында болуы мүмкін.

0
Голосов пока нет
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.