• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

1 ақпанда Open Almaty алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның басшыларымен ашық кездесу өткізіледі

1 ақпанда Open Almaty алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның басшыларымен ашық кездесу өткізіледі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) дегеніміз не?

Қазақстанға медициналық сақтандыру реформасы қаншалықты қажет?

Ресми табысы жоқ адамдар не істемек, олар жарнаны қалай төлейді?

Жұмыс берушілер МӘМС жайлы не білгені жөн?

Жұртшылықты қызықтырған осы және өзге де сұрақтарға 1 ақпан күні Open Almaty алаңында өтетін ашық кездесуде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басшылары жауап береді.

Спикерлер:

Забира Оразалиева – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директоры,

Серік Тәңірбергенов – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарушы директоры, денсаулық сақтау саласының сарапшысы,

Тілеухан Әбілдаев – "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры.

Шараның тақырыбы:

- Болашақта МӘМС пакетіне медициналық қызметтердің қандай түрлері енеді және алматылықтар қазірдің өзінде қандай ем-дом түрлерін тегін қабылдай алады,

- Заңдағы соңғы өзгерістер және әр санаттағы азаматтар үшін жарна төлеу тәртібі өзгерді ме,

- халықаралық тәжірибе мен статистика не дейді.

Кездесу шеңберінде сіздер қалаған сұрақтарыңызға жауап алуға мүмкіндік аласыздар.

Қашан және қайда?

1 ақпан күні, сағат 15:00, Трансформа алаңы, Smart Point, Алматы қаласы, Байзақов көшесі 280, 1 қабат

Шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Тіркеу үшін:

Open Almaty қоғамдық қабылдауы, ресепшн +7 727 313 29 99 (ішкі нөмір 201)

Шараның модераторы +7 701 929 99 36

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.