• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

1 желтоқсаннан бастап алматылық жүргізушілерге орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салынады

Орташа жылдамдықты өлшеу үшін жаңа құрылғы орнатылмайды, тек қолданыстағы жолдарды бейнебақылау жүйелеріне функциялар қосылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы жолдарындағы камералар қозғалыс бағыты бойынша орташа жылдамдықты өлшейтін болады. Жылдамдықты тіркеудің жаңа жүйесі 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іске қосылады.

«Анықталған бұзушылықтар үшін айыппұл салу 1 желтоқсаннан басталады», - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ, полицияда негізгі камера бекеттері қайда орнласқанын еске салды.

«Бұл «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» камералары. Олар 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, көпірлердің астында, Саин көшесінің бойында, Абай даңғылындағы қиылыстарда орналасқан. Бұл фото және бейне тіркеу камералары. Орташа жылдамдықты өлшеу үшін камералардың функциясы аздап өзгертілді. Қала бойынша 110 бекет орнатылған. Біз олардың санын 142-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Адамдар қатты жүрмегенін қалаймыз, сонда апатқа ұшырамайды», - деп түсіндірді Әзірбек.

Алматы жолдарындағы бейнежүйе жүргізушілердің камералардың шолу аймағынан шыға салып жылдамдықтан арттырмауы үшін, көліктің бүкіл қозғалыс бағыты бойынша орташа жылдамдықты өлшейтін болады. Орташа жылдамдықты өлшеу жүйесінің әрекет принципі V = S/T формуласына негізделген, мұнда S – екі бейнебақылау камерасы арасындағы қашықтық, Т – осы қашықтықты жүріп өткен уақыт.

Полиция мәліметіне сәйкес, 2 ай ішінде Шығыс айналма жолы- әл-Фараби даңғылы бойындағы алты учаскеде 200 миллион теңгеге 56 мың бұзушылық анықталды. Жүйені енгізу жүргізуші тәртібін арттыруға және белгіленген жылдамдық режимін сақтауға тиімді әсер етеді, бұл өз кезегінде жол-көлік апаттарының санын қысқартады.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.