• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

10 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша: 9 маусымға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 437 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 74 мың литр дайын ерітінді қолданылды.
10 маусымдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула өңделді.
Жұмысқа 423 адамы бар 60 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша: 9 маусым күні 4937 мың шаршы метр көше, оның ішінде 543 сауда нысандарының, 42 медицина мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы – 39, Алмалы ауданы – 86, Әуезов ауданы – 70, Бостандық ауданы – 29, Жетісу ауданы – 74, Медеу ауданы – 87, Наурызбай ауданы – 37, Турксіб ауданы – 165) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 806 мың шаршы метр тротуарлар және 1149 басқа да нысандар, 218 контейнерлік алаң мен 1090 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлардың, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 142 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 72 бірлік);
– 1189 жол жұмысшысы (оның ішінде 133 дезинфектор).

570 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 29 318 мың литр ерітінді қолданылды).
Сонымен қатар, 794 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1180 тоннаны құрады.
10 маусым күні атқарылатын жоспарлы жұмыстар:
– 136 бірлік арнайы техника (оның ішінде 72 бірлік дезинфекцияға);
– 1180 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор).

Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.