• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

10 маусым күні Көк-Жайлауда Үлкен Алматы Пикнигі өтеді.

Алғаш рет Іле Алатауының бөктерінде екі мың метр теңіз деңгейінен жоғары биіктікте орналасқан Көк-Жайлау үстіртінде диджейлер өнер көрсетеді.

Іс-шара бағдарламасы бойынша SynthBat тобының концерті, Dj school Stay-дің музыкалық бағдарламасы, Zumba би бағдарламасы және тәттілер болады. 

Іс-шара қатысушылары     Просвещенец-Алматы бағдары бойынша туристік сапар жасап, Көк-Жайлаудағы қоқысты жинаудың жаппай сенбілігіне қатыса алады. 

Үлкен Алматы Пикнигінің ең басты мақсаты – алматылықтардың тауға бару мәдениетін қалыптастыру, жаяу туризмді дамыту, табиғатты аялау және таза ұстау болып табылады. 

Іс-шараға тауды жақсы көретін және салауатты өмір салтын жүргізетін кез келген адам қатыса алады. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Visit Almaty Туристік ақпараттық орталығы және Campit.kz саяхатшылар бірлестігі. 

10 маусым күні сағат 8.00-де қатысушылар Просвещенец аялдамасында жиналады. Сапардың басталауы сағат 8.30.

Өздеріңізбен күннен қорғайтын крем, ыңғайлы киім мен аяқ-киім, күннен қорғану үшін бас киім, жеңіл-желпі тамақ және бір адамға кем дегенде 1 литр су алып алуға кеңес береміз. Қаладан «Просвещенец» аялдамасына дейін өз көлігіңізбен, таксимен немесе №12 қоғамдық көлікпен жете аласыз. 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.