• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

120 мыңнан астам алматылық тұмауға қарсы вакцина салдырған

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

«Коронавирус инфекциясы жағдайында ата-аналардың сақтық шараларын ұстануы түсіндіріледі, сонымен бірге, ауруханаға жатқызу жағдайы өткен жылдың көрсеткішінен төмен. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері яғни, 2019 жылдың 1 қазанынан 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ЖРВИ-нің 85975 жағдайы тіркелді, сырқаттану деңгейі 4421,24 құрады, бұл өткен эпидемиялық маусымның кезеңімен салыстырғанда 3,6% төмен», — деді Ж. Бекшин.

14 жасқа дейінгі балалар арасында өсіммен 48478 жағдай тіркелді, олардың үлесі 56,4% құрады, бұл алдыңғы эпидемиялық кезеңдермен салыстырғанда 8% төмен (2018-2019 эпидемиологиялық маусымда, балалар арасында 54 548 жағдай – 64,4%) Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-нің 856 (0,9%) жағдайы тіркелді, өткен эпидемиялық маусымда 750 (0,88%) жағдай болған еді. Іс жүзінде, олардың құрылымындық үлесі 1%-ке дейін яғни, тең дәрежеде. ЖРВИ-мен ауырған 11 852 науқас ауруханаға жатқызылды, оның 656-сы жүкті, 1 жасқа дейінгі балалар — 5064 (өткен эпидемиялық маусымда 13 585 ауруханаға жатқызылды, оның 1100-і жүкті әйелдер, 6098-і 1 жасқа дейінгі балалар).

Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен «қауіп тобындағы» адамдарға вакцинация жасалады. Осы жылы «қауіп тобына» Ресейден 130 000 доза көлемінде шығарылған үш валентті «Гриппол Плюс» вакцинасы сатып алынды. 300 000 дозаға қосымша тапсырыс берілді, оның 186 мың. дозасы келіп түсті.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 300 000 мәлімделген дозадан қосымша 56 820 доза келіп түсті.

«Қалада тұмауға қарсы вакцинация 10 қыркүйекте басталды, 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тек 122 669 адам вакцинацияланды, бұл қаланың жалпы халқының 6,1% құрайды, оның 116 935-і (89,9%) „қауіп тобына“ кіреді. Жеке медициналық орталықтарда тек 5734 адам вакцинацияланды, оның ішінде 1342 жұмыс берушілер есебінен және өз қаражаттары есебінен – 4392 адам», — деп атап өтті Ж. Бекшин.

Тұмауға қарсы вакцина алу үшін алматылықтар емханаға учаскелік дәрігерге барып, алдын ала жазылу арқылы екпе ала алады. Қалада тұмауға қарсы Вакцинация жалғасуда. Сұрақтар бойынша +7 727 3000 505 нөміріне хабарласуға болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.