• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

16 қаңтардан бастап әл-Фараби, Саин, Шығыс айналма жолында жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

15 қаңтардан бастап Алматыда әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автомобиль жолында орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін түсірілді. Полицияның мәлімдеуінше, бұл жолдардағы өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жасалып отыр.

Жол белгілері орнатылды. Бүгін «Жол қозғалысы қауіпсіздігі автоматты ақпараттық жүйесі» баптауларын өзгерту, яғни ЖЖЕ бұзушылықты тіркеу камераларын қайта құру және олардың техникалық мониторингі бойынша жұмыстар жүргізіледі.

«16 қаңтардан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен жылдамдық режимін бұзу бойынша құқық бұзушыларға тұрғылықты жері бойынша ұйғарымдар жолданатын болады. Бірақ бұл бүгін ЖЖЕ-нің осы талабын бұзуға болады деген сөз емес, бұл уақыт көлік жүргізушілерінің жаңашылдыққа бейімделуіне арналған. Жұртшылықты ақпараттандыру жұмыстары соңғы бірнеше ай бойы жүргізіліп келеді: жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол жүрісі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз, бұл олардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады», - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Бүгін «Жол қозғалысы қауіпсіздігі автоматты ақпараттық жүйесінің» баптаулары өзгертіліп жатыр. Ертеңнен бастап жол ережесін бұзған жүргізушілерге тұрғылықты мекенжайы бойынша ескерту жіберілетін болады.

Бұл ретте қала полициясы Нью-Йорк, Лондон және басқа да әлемдік мегаполистер жолдарындағы жылдамдық режимінің азайтылуы осы қалаларда жаяу жүргіншілер үшін де, көлік жүргізушілері үшін де әлемдегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналғанын және ондаған өмірді сақтап қалғанын көрсеткен әлемдік тәжірибені еске салды.

«Жыл басынан бері Алматыда 4 203 жол-көлік апаты тіркелді, олардың басым бөлігі сағатына 60-тан 80 шақырымға дейінгі жылдамдық режимі бар учаскелерді болды, бұл күніне 12 апат. Алматыда 2018 жылдың қаңтарынан бері жол-көлік апаттары салдарынан 121 адам қаза тапты. Яғни, әр үш күн сайын Алматыда 1 адам көз жұмады. Мұндай статистика жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша батыл шаралар қабылдауға мәжбүрлейді. Әлемдік тәжірибе мен сарапшылардың көптеген зерттеулері орташа жылдамдықты төмендету жолдағы өлім-жітімді азайтудың ең тиімді және қарапайым тәсілдерінің бірі екенін растайды. ДДҰ мәліметінше, жылдамдықтың 5%-ға артуының өзі адамдарға жарақат келтіретін жол апатын 10%-ға, адам өліміне соқтыратын жол апатын 20%-ға арттырады. Бұдан бөлек бірқатар сарапшылардың талдауына сәйкес, әл-Фараби даңғылының мысалында жылдамдықтың 80-нен 60 шақырымға азаюы жол ұзақтығын тек 2 минутқа ғана арттырады. Егер осы екі минутта бір адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болса, онда бұл шектеуді енгізгеніміз бекер емес»- деді қалалық ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, жылдамдықты белгіленген шамадан 10-20 шақырымға дейін арттыру 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшерінде, 20-дан 40 шақырымға дейін арттыру – 10 АЕК (25 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қозғалыс жылдамдығын сағатына 40 шақырымнан астам шамаға арттырғаны үшін - 20 АЕК (50 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.