• eng
  • қаз
  • рус

16 қыркүйектен бастап Open Almaty фронт-офисі ашық

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы фронт-офисінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма – 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі – 10:00-ден 17:00-ге дейін, жексенбі – демалыс. Алматы қаласы әкімдігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініш қабылдауды фронт-офис консультанттары жүзеге асырады.

Сондай-ақ фронт-офисте тиістілігі бойынша кіріс хат-хабарларын қабылдау үшін Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы мен Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Аталған басқармалардың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма – 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, сенбі-жексенбі демалыс.

Қызметкерлер мен өтініш білдіруші азаматтардың қауіпсіздігі үшін фронт-офисте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына 1-қосымшаға сәйкес «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын талаптар» сақталады.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.