• eng
  • қаз
  • рус

18 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша 16 мамырға жоспарланған 7268 кіреберіс (2682 үйде) және 1345 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 441 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды.
Жұмысқа 75 600 литр дайын ерітінді қолданылған. Осылайша 15 кезеңі аяқталды.

18 мамыр дезинфекциялық өңдеудің 16 кезеңі басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2837 үйдің 7922 кіреберісі мен 1311 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 452 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша.
17 мамыр күні 5 000 мың шаршы метр көше, оның ішінде 64 әлеуметтік маңызы бар нысандардың (Алатау ауданы– 7, Алмалы ауданы – 10, Әуезов ауданы – 11, Бостандық ауданы – 14, Жетісу ауданы – 5, Медеу ауданы – 8, Наурызбай ауданы – 3, Турксіб ауданы - 6) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 632 мың шаршы метр тротуарлар және 846 басқа да нысандар, 127 контейнерлік алаң мен 620 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, әлеуметтік маңызы бар нысандар (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 145 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 66 бірлік);
– 1117 жол жұмысшысы (оның ішінде 127 дезинфектор).
550 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 18 554 мың литр ерітінді қолданылған).

Сонымен 294 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1100 тоннаны құрады.
18 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 149 бірлік арнайы техника (оның ішінде 75 бірлік дезинфекцияға);
– 1198 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).
Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.