• eng
  • қаз
  • рус

19 тамыздан бастап OpenAlmaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады

2019-2020 жылдарға арналған «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы аясында аулаларды абаттандырып, саябақтар мен скверлерді құруға, спорт алаңдарын жасап, көшелерге жарық орнатуға, бұдан өзге қалалық ортаны жақсартып, мегаполис тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту сияқты идеяларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыруға болады.

Жобаға сәйкес Алматының сегіз ауданына қала бюджетінен 500 млн теңге бөлу қарастырылған. Қалалық әкімдіктің OpenAlmaty қоғамдық қабылдауының порталы budget.open-almaty.kz (web-нұсқасы қолжетімді, мобильді нұсқасы дайындалуда) арқылы қала тұрғындары ашық түрде өздерінің ұсыныстары мен жобаларын енгізуге мүмкіндіктері бар.

Үздіктерді қала тұрғындардың өздері дауыс беру арқылы анықтайды. Сонымен қатар қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері де жобаға өз бағасын береді.

Жобаға ұсынысылған өтініштер төмендегі критерийлерге сай болуы тиіс:

  • бір автор - бір өтінім - бір нысан;
  • нысанның игілігі жалпыға ортақ болу;
  • нысанның іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында болуы, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде және т.б. орналасуы тиіс.

Жобаға ұсыныстарды беру тәртібі мен іріктеу критерийлері, сараптау комиссияларының функциялары туралы толық ақпаратты OpenAlmaty OpenAlmaty қалалық порталында «2019-2020 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджетіне қатысу» пилоттық жобасын ұйымдастыру деген бөлімнен қарап, танысуға болады.

Өтінім беру барысында техникалық қиындықтар туындаған жағдайда мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 775 818 05 73.

«Бюджетке қатысу» жобасының ұйымдастырылу немесе өтінімдерді беру және іріктеу тәртібі туралы қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 727 224 39 29 (ішкі. 203, 103).

2019-2020 жылдарға арналған «Алматы қаласының бюджетіне қатысу» пилоттық жобасын ұйымдастыру тәртібін мына жерден оқи аласыздар. 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.