• eng
  • қаз
  • рус

2019-2020 жылдарға арналған «Алматы қаласының бюджетке қатысу» ілкі жобасы

Алматыда «Бюджетке қатысу» ілкі жобасы іске қосылады. Жоба аясында қаланың сегіз ауданының әрқайсысына қалалық бюджеттен 500 миллион теңгеден бөлу көзделіп отыр.

Тұрғындар Open Almaty порталы арқылы жобалары мен ұсыныстарын енгізе алады. Олар жарияланып, ашық дауыс беру нәтижесінде ең үздіктері анықталады. Жобаларға Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ және ПИК өкілдері өз бағасын береді.

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

  • жобалық ұсыныстың атауы бір сөйлем шегінде қысқа баяндалып, берілетін жобалық ұсыныстың мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс;
  • бір өтінім - бір нысан;
  • қала тұрғындары үшін қолжетімді ортақ пайдаланылатын нысан;
  • нысан оны іске асыру жоспарланған аудан аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс;
  • жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуы тиіс және т. б.

Бүгінде жобалық ұсыныстарды беру және іріктеу тәртібін, аудан әкімдіктері Сараптамалық кеңестерінің функцияларын регламенттейтін және т.б. «Бюджетке қатысу» ережесінің жобасы әзірленді.

«Бюджетке қатысу» ережесінің жобасымен төменде танысуға болады. Ереже жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулер 2019 жылғы 24 шілдеге дейін budget@almatydc.kz электронды адресі бойынша қабылданады.

«Бюджетке қатысу» ережесінің жобасы

«Бюджетке қатысу» жобасының таныстырылымы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.