• eng
  • қаз
  • рус

2019 жылдан бастап Алматыда суық судың тарифі 10% арзандайды

«Алматыда қолданыстағы тариф соңғы 4 жылда өзгерген жоқ. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті өзгертеміз, қазір монополияға қарсы агенттікте келісіліп жатыр. 1000 литр судың бағасы 55,56 теңге болса, 1 қаңтардан бастап дәл осы көлем 50 теңге болады», - деді «Алматы Су» РМК ресми өкілі Серік Шағыров.

Су тарту жүйесінде де тариф арзандайды.

«Канализация тарифі 28,8 теңге болса, енді 25,7 теңге болады. Тариф 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгереді», - деп қосты «Алматы Судың» өкілі.

Тарифтерді төмендету шығындарды, бизнес-үдерістерді оңтайландыру мен энергия үнемдеуге байланысты.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.