• eng
  • қаз
  • рус

2019 жылға арналған АЕК және ЕТЖ мөлшерлемелері

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылға арналған зейнетақы, жалақы мен айлық есептiк көрсеткiштің жаңа мөлшерлемелерін атады.

2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VI Заңымен «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Құжатқа сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі көрсеткіштердің келесі мөлшерлемелері белгіленді: 

  1. ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 42 500 теңге; 
  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 037 теңге; 
  3. ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 108 теңге; 
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 525 теңге; 
  5. базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 29 698 теңге.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.