• eng
  • қаз
  • рус

2020 жылдың 13 мамырдағы жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша 2020 жылдың 12 мамырында жоспарланған 8264 кіреберіс (2984 үйде) және 1426 аула аумағы 100%-ға залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 454 адам тұратын 64 бригада жұмылдырылды.

76 670 литр дайын ерітінді қолданылды

13 мамырға жоспар бойынша 7268 кіреберіс (2682 үйде) пен 1345 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 442 адамы бар 60 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

12 мамырда 4 991 мың шаршы метр көше және 1 035 мың шаршы метр тротуар, 168 контейнерлік алаң және 827 контейнер өңделді. Оған 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарларды, көше жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін:

- 160 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 82 бірлік);

- 960 жол жұмысшысы (оның ішінде 125 дезинфектор).

600 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 15 964 мың литр).

Сонымен қатар 1180 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1160 тоннаны құрады.

13 мамыр күні жоспарлы жұмыстар:

- 169 бірлік арнайы техника (оның ішінде 78 бірлік дезинфекцияға);

- 974 жол жұмысшысы (оның ішінде 127 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.