• eng
  • қаз
  • рус

2020 жылдың 20 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша

19 мамырға жоспарланған 8264 кіреберіс (2837 үйде) 100% залалсыздандырылды. 1311 аула аумағы дезинфекция жасалынған жоқ, жаңбырдын жаууына байланысты.

Дезинфекция жұмыстарына 450 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 71 480 литр дайын ерітінді қолданылған.

20 мамыр жоспар бойынша 2682 үйдің 7268 кіреберісі мен 1345 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 441 адамы бар 62 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

19 мамыр күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр), жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарда дезинфекциялау жасалған жоқ.

Санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуге:

– 145 бірлік арнайы техника;

– 1205 жол жұмысшысы;

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1280 тоннаны құрады.

20 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:

– 152 бірлік арнайы техника (оның ішінде 75 бірлік дезинфекцияға);

– 1069 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.