• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2020 жылдың 6 мамырдағы жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша

2020 жылдың 5 мамырында жоспарланған 8364 кіреберіс (2984 үйде) және 1426 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 64 бригада немесе 465 адам жұмылдырылды. 77 900 литр дайын ерітінді қолданылды.

6 мамыр күні жоспар бойынша 7268 кіреберісті (2682 үйде) дезинфекциялау және 1345 аула аумағын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Жұмысқа құрамында 437 адам бар 60 бригада қатысты.

Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар мен спорт алаңдарын дезинфекциялау кестесі:

Әуезов ауданы

"Мамыр" – 1, 2, 3, 4 ықш.,; "Жетісу" – 1, 2, 3, 4 ықш.,; "Ақсай" – 1, 1А, 2, 3, 3А, 3Б, 4, 5; Сәдуақасов көшесі.

Наурызбай ауданы

"Шұғыла" ықшамауданы

Түрксіб ауданы

Рысқұлов даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Р. Зорге көшесі, Станкевич көшесі, Спартак көшесі, Толстой көшесі, Шолохов көшесі, Айбасов көшесі, Аймауытов көшесі, Ақынов көшесі, Ақан Сері көшесі, Бехтерев көшесі, Варшавский тұйық көшесі, Ганибет көшесі, Глазунов көшесі, Достоевский көшесі, Сауранбаев көшесі, Дулатов көшесі, Жұмабаев көшесі, Қарақумская көшесі, Котельников көшесі, Молдағалиев көшесі, Ровенский көшесі, Успенский көшесі, Чернышевский көшесі, Федосеев көшесі, Волочаев көшесі, Волочаев көшесі, Баймағамбетов, "Жас қанат" ықш.

Көшелер мен тротуарларды жуып-тазалау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу

5 мамырда 5 024 мың шаршы метр көше және 510 мың шаршы метр тротуар, 195 контейнерлік алаң және 955 контейнер залалсыздандырылды. Бұл жұмысқа 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарларды, көше жәшіктерін, орындықтарды, аялдамаларды, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуып-тазалау және дезинфекциялау үшін:

- 161 бірлік арнайы техника (оның ішінде – 82 бірлік дезинфекция үшін);

- 903 жол жұмысшысы (оның ішінде 123 дезинфектор).

560 мың литр ерітінді жұмсалды (жұмыстың басынан барлығы 12 588 мың литр).

Сонымен қатар 222 контейнерлік алаңды дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Тәулігіне шығарылған қоқыс көлемі 1300 тоннаны құрады.

6 мамыр күні жоспарлы жұмыстар:

- 162 бірлік арнайы техника (оның ішінде 84 бірлік дезинфекцияға);

- 963 жол жұмысшысы (оның ішінде 126 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды. 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.