• eng
  • қаз
  • рус

2020 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша 13 мамырға жоспарланған 7268 кіреберіс (2682 үйде) және 1345 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 442 адам, яғни 60 бригада жұмылдырылды.

Жұмысқа 76 600 литр дайын ерітінді қолданылған. Осылайша көппәтерлі тұрғын үй кешенінің аулалық аумақтары мен кіреберістерін дезинфекциялық өңдеудің 14 кезеңі аяқталды.

14 мамыр дезинфекциялық өңдеудің 15 кезеңі басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2837 үйдің 7922 кіреберісі мен 1311 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 460 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

13 мамыр 4 952 мың шаршы метр көше және 662 мың шаршы метр тротуар, 165 контейнерлік алаң және 820 контейнер өңделді. Оған 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, көше жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін:

– 169 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 78 бірлік);

– 974 жол жұмысшысы (оның ішінде 127 дезинфектор).

510 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 16 474 мың литр ерітінді қолданылған).

Сонымен 1320 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1250 тоннаны құрады.

14 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:

– 163 бірлік арнайы техника (оның ішінде 81 бірлік дезинфекцияға);

– 1064 жол жұмысшысы (оның ішінде 127 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.