• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2020 жылы 2,5 мыңнан астам алматылық тұрғын үймен қамтамасыз етілді

Өткен жылы Алматыда қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары мемлекеттік және қалалық бірнеше тұрғын үй бағдарламасы бойынша жүзеге асты.

Мәселен, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 949 пәтер берілді. Бұл бағдарламаға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала мен БАҚ-та жұмыс істейтін жастар, сонымен қатар ЖОО мен ҒЗИ-ның қызметкерлері қатысты.

Тағы 432 пәтерді «Шаңырақ» бағдарламасының шарттарына сәйкес кезекте тұрғандар алды, ал 360 отбасы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы жеңілдетілген несие шарттары бойынша баспаналы болды.

Көпбалалы және толық емес отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың өкілдері «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жыл ішінде 365 пәтер алды.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан 429 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері мен көпбалалы отбасыларға бөлінді.

Өткен жылы барлығы 2535 алматылық отбасы қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасады.

Бағдарламалардың шарттары және өзекті хабарландырулармен Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының uzh-almaty.kz сайтында танысуға болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.