• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

21 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша: 20 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 441 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 72 950 литр дайын ерітінді қолданылған. Осылайша 16 кезеңі аяқталды.
21 мамыр жоспар бойынша 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 450 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша: 20 мамыр күні 4436 мың шаршы метр көше, оның ішінде 650 сауда нысандарының, 28 медициналық мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 48, Алмалы ауданы – 99, Әуезов ауданы – 46, Бостандық ауданы – 26, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 81, Наурызбай ауданы – 16, Турксіб ауданы –279) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 629 мың шаршы метр тротуарлар және 1237 басқа да нысандар, 192 контейнерлік алаң мен 936 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медициналық мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 152 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);
– 1069 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).

520 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 19 614 мың литр ерітінді қолданылған).

Сонымен 542 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1270 тоннаны құрады.
21 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 145 бірлік арнайы техника (оның ішінде 75 бірлік дезинфекцияға);
– 1188 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.