• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2,5 мыңнан астам алматылық бизнес-мектепте тегін білім алды

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен барлық ниет білдірушілер үшін ұйымдастырған тегін курстарға 2018 жылы 2737 адам қатысты.

Кәсіпкерлік негіздері мен өз ісін бастау үшін қажетті базалық білім «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Бизнес-Кеңесші» екі күндік қарқынды курстарда оқытылады. Оқу аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы атаулы сертификат алады, ол оған белгілі бір артықшылықтар береді, соның ішінде несиелер немесе гранттар алу кезінде. 2398 алматылық осындай сертификатқа ие болды.

«Ниет білдірушілер үшін «Бизнес-Өсу» курсында кәсіпкерлік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік бар. Мұнда олар терең білім алып, ресурстардың барлық түрлерін - уақытты, қаржыны, кадрларды, шикізат пен материалдарды тиімді басқаруға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға және өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастырады. Бұл курсты өткен жылы 190 адам тәмамдады», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ержан Қапанов.

«Жобалық оқытудан» 76 алматылық өтті, олардың әрқайсысы үшін бизнестің нақты түрін ашу және дамыту бойынша қадамдық нұсқаулық әзірленді.

Бизнес-мектептің қазақ және орыс тілдерінде өткізілетін кез келген курстарына Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жазылуға болады (Алматы қ., Достық даңғылы, 160, тел. 33- 101- 33 (ішкі 7556).

Бұған қоса, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарта алады, сондай-ақ шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнатып, шетелде тегін тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өте алады.

«Аға сеньорлар» компоненті аясында 2018 жылы шетелдік сарапшылардың қатысуымен бес миссия өткізілді, 212 кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысты», - деп атап өтті Ержан Қапанов.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тегін сервистік қызметтер көрсетіліп, кеңес беріледі. Өткен жылы жергілікті жерлерде 6711 қызмет, services.atameken.kz интернет-порталы арқылы онлайн-режимде 3456 қызмет көрсетілді.

«Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшілерінің қызметтерін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында, «Tech Garden» IT-кварталында, Алматы қаласы әкімдігінің «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдауында, «SmArt.Point» коворкинг-кеңістігінде және «Сәлем», «Мизам» базарларында», - деп қосты ол.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.