• қаз
  • рус

Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

28 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша: 27 мамырға жоспарланған 7442 кіреберіс (2703 үйде) және 1348 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 436 адам, яғни 62 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,9 мың. литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша 18 кезеңі аяқталды.

28 мамырда 19 кезең басталды. Жоспар бойынша алғашқы күні 2860 үйдің 7877 кіреберісі мен 1318 аула залалсыздандырылды.
Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша: 27 мамыр күні 4436 мың шаршы метр көше, оның ішінде 642 сауда нысандарының, 35 медицина мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 48, Алмалы ауданы – 99, Әуезов ауданы – 46, Бостандық ауданы – 25, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 81, Наурызбай ауданы – 16, Турксіб ауданы — 279) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 629 мың шаршы метр тротуарлар және 1237 басқа да нысандар, 218 контейнерлік алаң мен 1033 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін:
– 144 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);
– 1203 жол жұмысшысы (оның ішінде 137 дезинфектор).
500 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 22 754 мың литр ерітінді қолданылды).

Сонымен қатар, 1267 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1230 тоннаны құрады.
28 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:
– 150 бірлік арнайы техника (оның ішінде 74 бірлік дезинфекцияға);
– 1209 жол жұмысшысы (оның ішінде 138 дезинфектор).

Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.